Қызметтің басқа салалары сияқты стоматология да бір орында тұрмайды, үнемі әлдебір жаңалық пайда болып отырады, мұның өзі тіс дәрігерлерінің жұмысын жетілдіре түседі.
Біз тіс емдеу технологиясына үңіліп, соңғы жылдары стоматология саласында қол жеткізілген басты жетістіктерді жинақтадық.
InnoDent: тісжегіні бұрғылаусыз емдеу
Компьютерлер адамға көмектеседі
Цифрлық технологиялар көптен бері барлық ықтимал салалардан орын алды, стоматология да да пайдаланылады. Барлық қажетті құжаттарды тез толтырудан бастап, пациенттің ауыз қуысының анализіне және оңтайлы емдеу құрастыруға дейінгі алуан түрлі жүйелер бар.
Стоматологиядағы үлкен жаңалық компьютерлік конструкциялау болып келеді. Дәрігер компьютердің экранында паценттің ауыз қуысының толық анимацияланған үлгісіне ие болады, мұның өзі кез келген бөлшекті кез келген жағынан қарауға көмектеседі. Сонымен қатар тіс дәрігерлері протездеуді оңайлататын 3D-баспа технологиясын пайдаланады, өйткені қажетті бөлшектер дәл осы жерде және өте тез дайындалады.
Үйдегі тіс дәрігері
Oral-B тіс щеткасы бірнеше қызмет атқаратын ерекше щетка болып келеді. Мұнда алуан түрлі тістерге және адамның ұмтылатын нәтижесіне арналған бес тазалау режимі бар, мысалы: күнделікті жай тазалау, ағарту немесе қызылиекке күтім жасау. Сонымен қатар ақылды тіс щеткасы пайдаланушыны түрлі сенсорлардың және тістер мен қызылиекке қысым сезбектерінің есебінен тісті дұрыс тазалауға үйретеді. Сонымен қатар жиынтықта тазалау үдерісін қадағалайтын және ақпарат жинайтын дисплей де бар.
Робот-тіс дәрігерлері
Тіс дәрігеріне көмектесу үшін әзірленген американың Yomi, роботы осындай алғашқы робот болып келеді. Арнайы бағдарламалық жасақтамаға орай, лазер рентген суреттері бойынша операцияны жоспарлай алады, содан кейін үдеріс барысында дәрігердің бәрін дұрыс істеуін қадағалай алады. Сөйтіп, тіс дәрігерінің жұмыс сапасы арта түсетін болады.
Алайда Қытай дәрігерлері құлашын бұдан әрі кең созып, адамның көмегінсіз тістерді импланттай алатын робот жасап шықты. Тестілік операция шеңберінде робот тірі пациентке 3D-принтерде басып шығарылған екі имплант қоя алды. Бәрі бір сағатқа жетпей жасалды, ал тіс дәрігерлері роботтың іс-әрекетін алыстан байқап тұрды. Айтпақша, операция нәтижелері бойынша импланттау қателігі милимметр үлесін құрады, мұның өзі осындай операциялар үшін рұқсат етілген жағдай болып табылады.
Лазердің көмегімен емдеу мүлдем ауыртпайды, адам оның әсерін де сезбейді. Соған сәйкес ауыртпау мен жансыздандыру өте сирек жағдайда ғана қолданылады. Сондықтан стоматологияда тістерді ағарту үшін, қызылиек сұлбасы мен тін пішінін өзгерту үшін лазер кеңінен пайдаланылады, мұның өзі пациенттердің «голливудтық жымиысқа» ие болуы үшін қажет..
Ақпарат дереккөзі: sptnkne.ws/gFFu