Стоматология в Алматы | Лучшая стоматологическая клиника "Profident"
Алматы қ., Жароков к-сі 366 Дүйсенбі - жұма 09:00-19:00, сенбі 09:00-17:00 +7 727 355 0070

Алматыда тістерді ағарту

Енді Сізде өз туғандарыңызға, достарыңызға немесе әріптестеріңізге пайдалы сыйлықты – біздің Profident клиникамыздан стоматологиялық қызметтерге арналған сыйлық сертификатын алу мүмкіндігіңіз бар. Profident.

Біз өзіміздің Клиенттерімізге үстіңгі және астыңғы жақ тістердің бетінен қатты және жұмсақ қақтарды алып тастауға арналған сыйлық сертификаттарынұсынуға дайынбыз. Осы емшара ауыз қуысы гигиенасын жақсы сақтаудың жылдам әрі тиімді тәсілі болып саналады. Емшарадан соң Сіз бір сәтте балғын демнің, әсем күлкі мен жақсы көңіл-күйдің иесі болып шыға келесіз!

Сыйлықтың осындай нұсқасын таңдай отырып, Сіз кепілді түрде бірмезгілде екі бірдей әсем күлкіге ие боласыз: Өзіңіздің жақын адамыңыздың әдемі күлкісі мен осы үшін Сізді қуануға мәжбүрлейтін өз күлкіңіз!

Сыйлық сертификаттарын сатып алу және рәсімдеу туралы қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы:


немесе Profident Алматы қ., Жароков көшесі 366 мекенжайында орналасқан біздің Profident стомотологиялық клиникамыздан ала аласыз.

Өз достарыңыз бен жақын адамдарыңызға қажетті сыйлықтар сыйлаңыз!

Profident стоматологиялық клиникасы үшін тістерді ағарту негізгі маманданулардың бірі болып келеді. Біз тиімді бағада қазіргі заманғы клиникалық ағарту технологияларын ұсынамыз!

Тістерді ағарту түрлері

  1. Ультрадыбыспен гигиеналық тазалау. Ультрадыбыстық дірілге орай тіс эмаліне зиянды әсер берілмейді, ал тістер ағара түседі.
  2. Air Flow жүйесі. Әдістің маңызы тістер үлкен қысыммен бірегей емдік қоспамен өңделеді, қоспа бекітіліп, лезде эмальды жылтыратады, сондай-ақ тіс тастары мен қақтарды алып тастайды. Бұл жүйені Сізде пломба мен тіссауыттар көп болған жағдайдың өзінде де қолдануға болады.
  3. ZOOM жүйесі. Тіске құрамында оттегі бар зат жағылады, ол ZOOM фирмалық шамының әсеріне орай белсендіріледі. 

Тістерді ағарту ZOOM — бұл ілгергі және бүкіл әлемде кең пайдаланылатын бір сеанс ішінде эмальды 8-10 реңкке ағарту әдістемесі. Бұл жылдам нәтижеге қол жеткізгісі келетін адамдар үшін зор мүмкіндік, тіс дәрігерінің кабинетінде 1 сағатта Сіз аппақ қардай әдемі жымиыстың иесі болып шыға келесіз!

Profident клиникасында біз Сізге аппақ және сұлу тістер туралы арманыңызды жүзеге асыру мүмкіндігін тарту етеміз.

Ультрадыбыспен гигиеналық тазалау

Алматыдағы тістерді ультрадыбыспен тазалау

Тістерді ультрадыбыспен тазалау ультрадыбыстық лазердің көмегімен тіс тасын және қақты алып тастауды қарастырады. Тіс тазалаудың механикалық немесе химиялық тәсілдерімен салыстырғанда, осы емшара басты артықшылық – қауіпсіздікке ие. Тіс тасын механикалық тәсілмен лыс тастау әдеуір қиынға соғады, осының салдарынан тіс эмалы зақымдануы мүмкін. Ультрадыбысты пайдалану кезінде тіс тасы оңай бөлінеді, ал эмаль зақымдалмайды. Бұл ретте емшара пациент үшін жайлы болып келеді, әдетте, ауыртпайды (кейбір жағдайларда, мысалы, қызылиек астындағы қақты алу кезінде анестезияны пайдалану ұсынылады).

Profident клиникасының мамандары қызылиегі қанай бастаған, аузында иіс пайда болған, тісжегі дамыған барша адамдарға жарты жылда - бір жылда бір рет профилактика ретінде ультрадыбыстық тазалау емшарасынан өтуді ұсынады.

 

Air Flow тістерді гигиеналық тазалау

Алматыдағы Air Flow тістерді гигиеналық тазалау

Air Flow тістерді гигиеналық тазалау аппараттың қысымдау арқылы су, ауа мен кристалл қосыпасын тіске тозаңдататын емшараны білдіреді. Осындай қысымның дәрежесін тіс дәрігері реттейді.

Осы аспаптың көмегімен шөгінділердің алуан түрлері тіс бетінен ғана емес, сондай-ақ тіс арасындағы аралықтардан да кетіріледі.

Бұл эмальды зақымдамай, кәсіби тазалаудың қауіпсіз әрі ауыртпайтын тәсілі. Оны қолданған соң тістер 1-2 реңкке ағара түседі.

Пациентке барынша жайлы болуы үшін, затты жағар алдында, оның су құрамдас бөлігіне жеміс хошиістендіргіші қосылуы тиіс.

Zoom ағартуы қалай жұмыс істейді?

Алматыдағы ZOOM жүйесі

Zoom ағартуы – ультракүлгіннің көмегімен белсендірілетін химиялық реагенттер қолданылатын кәсіби ағарту емшарасы. Басты компоненттерінің бірі эмальдың ағаруын тудыратын сутектің асқын тотығы болып келеді.

Profident клиникасының тіс дәрігері Сізді мұқият тексеруден өткізіп, ауыз қуысының барлық ауруларын емдеп және жойған соң ғана, Сізді Zoom кәсіби ағарту емшарасына жолдайды. Осыдан кейін ғана ағартуға болады. Маман латекстен жасалған арнайы пластинаны – коффердамды пайдалана отырып, сіздің шырышты қабығыңызды химиялық раегенттердің ықтимал түсуінен қорғап, жауып қояды. Бұл перде сонымен қатар ультракүлгінмен артық сәулеленуден қорғайды. Содан кейін сізге көзілдірік кигізіп, ерніңізге арнайы қорғаныш кремін жағады. Дайындық кезеңін аяқталды деп санауға болады.

Бұдан әрі тіс дәрігері іске арнайы гель жағады, гель ағарту әсерінен басқа, сонымен қатар эмальды да емдейді. Zoom гелінің арнайы формуласы өз аналогтарына қарағанда, ағартуды тез жүргізуге мүмкіндік беруімен ерекшеленеді. Гельді белсендіру ультракүлгін шамның көмегімен жүргізіледі. Ағартужан соң, гель қалдықтарын мұқият алып тастап, тіс бетін кептіреді.

Zoom ағартудың артықшылығы неден көрінеді?

Өте зор тиімділік. Осыған дейінгі аналогтары өз нәтижелерімен мақтана алмайтын, ал Zoom ағартудың нәтижелері өте зор – бір емшарада 8-10 реңк. Бұл мүлдем ауыртпайды әрі қауіпсіз!

Бірмезгілді емдеу.Zoom гелінің жақсартылған формуласына орай, ол ағартып қана қоймайды, сондай-ақ эмальды емдейді! Ал фторлау емшарасы тіс құрылымын қосымша нығайта түседі.

Жайлылық. Бүкіл емшара Сіздің уақытыңызды көп алмайды, сонымен қатар мүлдем ауыртпайды.

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

Алматы қ., Жароков к-сі 366

БІЗДІҢ ТЕЛЕФОНДАРЫМЫЗ:

+7 (727) 355 00 77

+7 (777) 705 53 51

Тістерді ағарту барысы

Біздің команда

Біздің лицензиялар мен сертификаттар

Слайд 1 - копировать
Слайд 1
Слайд 1
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
previous arrow
next arrow

Қабылдауға жазылу

    Соңғы жаңалықтар

    Зуб мудрости

    Ақыл тіс

    Әр қатарда есеп бойынша сегізінші ақыл тістер ең соңында, көбіне 17 жастан бастап 22 жасқа дейін, кейде одан да кеш мерзімде пайда болады.

    Толығырақ
    Profident - лучшая стоматологическая клиника в Казахстане!

    Profident - Қазақстандағы үздік стоматологиялық клиника!

    Олар Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал, ал олардың кәсіби наградаларына сан жетпейді.

    Толығырақ
    Всё для голливудской улыбки: ТОП-5 инноваций в стоматологии

    Бәрі голливудтық жымиыс үшін: стоматологиядағы ТОП-5 инновация

    Қызметтің басқа салалары сияқты стоматология да бір орында тұрмайды, үнемі әлдебір жаңалық пайда болып отырады, мұның өзі тіс дәрігерлерінің жұмысын жетілдіре түседі.

    Толығырақ
    kkKazakh