Стоматология в Алматы | Лучшая стоматологическая клиника "Profident"
Алматы қ., Жароков к-сі 366 Дүйсенбі - жұма 09:00-19:00, сенбі 09:00-17:00 +7 727 355 0070

Ортопедиялық стоматология. Протездеу

Өкінішке орай, қазіргі заманғы технологиялармен қаруланған ең тәжірибелі тіс дәрігерінің өзі ауру тісті әркез аман алып қала алмайды. Бірақ тістерді протездеу қазіргі таңда жоғары деңгейге жеткені соншалық, өз тісінен айрылу мәселе болудан қалды. Тістердің көпшілігі немесе бүкіл тіс қатары жлйылған жағдайдың өзінде де, тістерді протездеу көмекке келе алады.

Протездеу – бұл толық жойылған немесе ішінара бұзылған тістердің түсін, пішіні мен шайнау қызметін реставрациялау үдерісі. Протездеу алмалы-салмалы, сондай-ақ алынбайтын протездеу болып келеді. Имплантаттар сияқты протездеу түрін жеке атап өткен жөн.

Profident стоматологиясы Сізге жоқ немесе бұзылған тістермен байланысты мәселелерді сенімді, саналы және барынша эстетикалық деңгейде кең мүмкіндіктер ұсынады, ал тістерді протездеу бағасы Сіздерді ерекше қуанышқа бөлейді. Біз тіс қатарын қалпына келтірудің ең нәтижелі әдістері мен технологияларын ғана қолданамыз, сондықтан Сіз тіс протездеудің қандай түрі таңдалмасын, жаңа тіс бірліктері функционалдығы, сондай-ақ сыртқы түрі жағына н табиғи тіске толық сәйкес келеді.

 

Profident клиникасында Сеrес жүйесімен тістерді протездеу

Profident стоматологиялық клиникасында біз өз пациенттерімізге көпшілік тіс дәрігерлері ХХІІ ғасырдың технологиясы деп атап CEREC, тістерді протездеу және қалпына келтіру технологиясын ұсынамыз. Технология пациенттердің уақыты мен қаражатын маңызды шамада үнемдейді. Сонымен қатар зергерлік дәлдікте қиын жұмысты атқаруға мүмкіндік береді. CEREC – бір сағат ішінде тістерді протездеу технологиясы! 

CEREC (ағылш. Chairside Economical Restorations of Esthetic Ceramic, үнемді және эстетикалық керамикалық реставрация жасауға арналған аппарат) — мамандандырылған CAD/CАМ жүйесін қолдана отырып, керамикалық блоктардан тегістелетін тіс микропротездерін (қыстырмалар, винирлер, тіссауыттар) дайындауға арналған технологиялар, жабдықтар мен материалдар кешені. Цюрих университетінде әзірленген.

CEREC ☆ жүйесін пайдаланып протездеу бір сеанста жүргізіледі! Одонтопрепараттау (тістерді қалпына келтіруге дайындау) кәдімгі әдістемелерден ешбір ерекшеленбейді. Содан кейін сканерлеуші ықшам құрылғымен протездеуге дайындалған ауыз қуысы мен айнала қоршап тұрған тіндердің үшөлшемдік компьютерлік үлгісі жасалады. Келесі қадамда тіс дәрігері жақ үлгісінің шеңберінде керамикалық протездің үлгісін қалыптастырады. Содан кейін түсі мен өлшемі лайық келетін, параллелепипед пішінге ие дайындаманы таңдап, компьютерге қосылған ажарлау аппаратына орналастырады, соңынан осы автомат алмас қиқым негізіндегі жұмыс бөлігі бар екі ротациялық штифтік ұштықпен протезді кеседі. 10-20 минуттан кейін протез дайын, оны өлшеп көру мен бекітуге кірісуге болады.

Сканерлеуші құрылғы (1) – бұл лазерлік тор проекторымен үйлестірілген қолмен басқарылатын ықшам оптикалық бейнкамера, соның бейнесі бойынша компьютер ауыз қуысының геометриясын анықтайды. Ауыз қуысын сканерлеудің жаңа технологиясы жарқылдарды болырмайды, сондықтан тісті протездеуге (жонуға) дайындаған соң, бірден дәрігер сканерлеуді бастайды – ауыз қуысын алдын ала дайындау қажет емес.

Сканерлеуші құрылғы ауыз қуысының пішіні және айнала қоршап тұрған тіндерге оның қатынсы туралы ақпаратты салыстырады. Ауыз қуысының суреті, сондай-ақ антогонист-тіс беткейінің суреті және реставрацияланатын аумаққа қатысты антогонистердің орналасуын нақтылау үшін, жабылған жақтардың бүйір жақ суреті түсіріледі. Бұл кезең «оптикалық қалыпты тіркеу» атауына ие. Жеке суреттерден алынған үлгілер автоматты түрде үйлестіріледі.

Жүйе ауыз қуысының және айналадағы тіндердің бейнесін мониторға (2)проекциялайды, мұның өзі реставрация дизайнын жасау үшін, дәрігерге немесе оның ассистентіне жүйенің САD-бөлігін пайдалануға мүмкіндік береді. Реставрация дизайнын аяқтаған соң, тіс дәрігері ажарлау модулін (3) (жүйенің CAM-бөлігі) іске қосады, бұл санаулы уақыт ішінде жоғары сапалы керамика блоктарынан реставрация жасайды. Ажарлау модулінен алынатын реставрация конструкция мен бекітілуді тексеруге дайын.

 

Cerec жүйесімен протездеудің артықшылықтары

• Протез беткейінің оның айналасындағы тіндер мен тістерге барынша сәйкестігін қамтамасыз ету.

• Барлық сыртқы беткейлерді, оның ішінде қыстырманы бекіткенге дейін апроксимальды беткейді жылтырату мүмкіндігі.

• Уақыт үнемдейді.

• Реставрация жүргізудің аз уақыт жұмсалуына орай, дентинде және тістің қалған тіндерінде бұзылу орын алады, мұның өзі өздігінен үлкен артықшылық болып келеді.

• Протез жасалатын дайындама фабрикалық жолмен жоғары сапалы керамикадан дайындалады, мұның өзі тіс эмаліне жақын реставрацияның оңтайлы беріктігі мен қаттылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

CEREC жүйесін пайдаланғанда, реставрацияның тісте дәлме-дәл орнығуына орай, пациенттерге тұтқыл қыстырманың қажеті жоқ.

 

Тістерді протездеуді неге кешіктіруге болмайды?

Ең ұтымды жауап: тістердің жоқ болуы адамды көріксіз етеді. Пациент күлуге ыңғайсызданады, ол қарым-қатынас кезінде қысылады. Сұлулық мәселесін қоя тұратын болсақ, протездеуден бас тартқан адамның денсаулығына қандай зиян келуі мүмкін?

Жоқ тістің/бұзылған тістің жанында тұрған тістерге көп салмақ түседі, тез бұзылады, өз орнынан жылжиды, осы тістердің эмалі кетеді, тістер шайқалады, суыққа/ыстыққа сезімтал болып келеді.

  • қызылиек қабынады.
  • тіс доғасы қисаяды.
  • тамақ нашар шайналады, мұның өзі асқазан-ішек жолы ауруларына әкеледі.
  • егер бірнеше тіс жоқ болса, онда бет пішінінің бұзылуы басталады, жақ, ерін салбырайды.
  • тіл ақауының пайда болуы мүмкін.

Сондықтан протездеуді кешіктіріп, жоғарыда сипатталған мәселелер пайда болғанға дейін жеткізуге болмайды.

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Алматы қ., Жароков к-сі 366

БІЗДІҢ ТЕЛЕФОНДАРЫМЫЗ: 

+7 (727) 355 00 70 

+7 (727) 355 00 77 

+7 (777) 705 53 51

 

Егер сіз жоғалған тісті алмастырмасаңыз не болатындығы туралы жақсы мысал

Тістерді алынбайтын протездеу

Металлкерамикалық тіссауыттар

Мұндай тіссауыттардың сыртқы бөлігі керамикадан жасалып, табиғи сыртқы түрін қамтамасыз етеді, ал ішкі бөлігі металдан жасалып, қажетті беріктік берді.

Керамикалық тіссауыттар

Тұтас керамикадан жасалған, метал негізі жоқ. Бұл тіссауыттар құрылымы мен мөлдірлігіне дейін табиғи эмальға барынша қатты ұқсайды. Мұндай тіссауыттар алдыңғы тістерді протездеу үшін пайдаланылады.

Цирконий диоксидінен жасалған тіссауыттар

Басты ерекшелігі — бұл ең заманауи, эстетикалық және сенімді материал. Протездеудің кез келген түріне жарамды. 15 жылдан 20 жылға дейін қызмет атқарады.

Алюминий оксидінен жасалған тіссауыттар

Тіссауыттың осы түрі дайындалатын материал жартылай мөлдір ақ масса сияқты болып келеді. Мұндай тіссауыттар мықты, өте әдемі көрінеді. Бұл тіссауыттың едәуір қымбат түрі.

Өз тістеріне сүйенетін көпір тәрізді протездеу

Қатарынан жоқ бірнеше тістің орнын иелену үшін пайдаланылады. Мұндай көпірлер алдын ал дайындалған өз тістеріне бекітіледі.

Имплантаттарға сүйенетін көпір тәрізді протездеу

Егер тістер жойылған болса, дәрігер олардың орнына имплантат орнатады, сол арқылы көпір ұстап тұрылады. Бұл имплантаттар өте функционалды (металл қада түрінде болып келеді).

Микропротездер (қыстырмалар, винирлер, люминирлер)

Тістің басым бөлігін қалпына келтіру қажет болған жағдайда, оның ақаулары, мысалы, жарықтар жасырылады, тіс пішіні мінсіз етіп жасалады, тіс арасындағы үлкен аралық жойылады.

Микроқұлыптарға негізделген протездер

Көрші тістердің эмаліне кішкентай микроқұлыптар орнатылады, осы құлыптардың екінші бөлігіне протез салынады. Тірек-тістер жонылмайды – жарақат алу жағдайы өте төмен.

Тістерді алмалы-салмалы және шартты алмалы-салмалы протездеу

Акрилдік тіс протездері

Осындай протездің негізі нағыз қызылиекке ұқсас акрилден жасалады. Бұл шырышты қабықты жарақаттамайтын пластикалық материал.

Бюгельдік протездеу

Бюгельдік тіс протездері негізден (металдан жасалған тіласты немесе таңдай доғасы), пластмасса базасынан және тіссауыттан тұрады. Көбіне осындай протездер шайнайтын тістер болмаған жағдайда қолданылады.

Сорғыдағы алмалы-салмалы протездер

Әдепкі түсінікте ол жерде ешбір сорғы жоқ. Алмалы-салмалы протез қызылиекті бүркеп тұратын матеиалдың иілімдігі есебінен ұстап тұылады.

Нейлондық алмалы-салмалы протездер

Өте жұмсақ, сондықтан қызылиекті қажамайды. Ыңғайлы, акрильді протезге қарағанда, барынша табиғи болып көрінеді. 5-7 жыл қызмет атқарады, бірақ қатты тамақты нейлон протезбен шайнау қиын соғады.

Біздің мамандарымыз

Біздің лицензиялар мен сертификаттар

previous arrow
next arrow
Slider

Қабылдауға жазылу

    kkKazakh
    ru_RURussian kkKazakh