


Біз өзіміздің Клиенттерімізге үстіңгі және астыңғы жақ тістердің бетінен қатты және жұмсақ қақтарды алып тастауға арналған сыйлық сертификаттарынұсынуға дайынбыз. Осы емшара ауыз қуысы гигиенасын жақсы сақтаудың жылдам әрі тиімді тәсілі болып саналады. Емшарадан соң Сіз бір сәтте балғын демнің, әсем күлкі мен жақсы көңіл-күйдің иесі болып шыға келесіз!
Сыйлықтың осындай нұсқасын таңдай отырып, Сіз кепілді түрде бірмезгілде екі бірдей әсем күлкіге ие боласыз: Өзіңіздің жақын адамыңыздың әдемі күлкісі мен осы үшін Сізді қуануға мәжбүрлейтін өз күлкіңіз!
☆ Profident көпсалалы стоматологиялық клиникасы барлық ниет білдірушілерге тамаша мінсіз жымиыс сыйлау қызметін қуана ұсынады! Біздің мамандарымыз жоғары стоматологиялық біліктілікке және қомақты практикалық тәжірибеге ие. Барлық жұмыстар өзін жақсы жағынан көрсеткен әдістеме бойынша ең жаңа неміс жабдығында орындалады.
Стоматологиялық мәселелерін шешу үшін мыңдаған клиенттер біздің клиникамызды таңдап отыр. Олар Profident клиникасы дегеніміз - бұл:
Эстетикалық стоматология – бұл медицинадағы жеке бағыт емес, стоматологиялық қол әрекеттерінің жиынтығы, оның тізімі нақты клиникалық жағдайларға байланысты болады. Мәселен, тісі жоқ пациент протездеуге мұқтаж делік. Соған орай оған көпір тәрізді протезді орнату үшін стоматолог-ортопедтің немесе жойылған элементті импланттау үшін хирургтың қызметі қажет болады.
Әлдебір дәрежеде пациенттің ауыз қуысының эстетикасына жауапты стоматология бағыттарын қарастырайық.
Егер тістің тіссауыт бөлігі қатты бұзылған, бірақ оның түбірі бүтін болса, біздің клиникамыздың дәрігері тісті штифт орнату және тіссауыттан тіссауыт бөлігін қалыптастыру арқылы тісті қалпына келтіріп береді. Нәтижеде қалпына келтірілген элемент пациенттің сау тістерінен ешбір ерекшеленбейді.
Хирургиялық стоматология өз тәжірибесінде тістерді жұлудан да құралады. Емдеу тиімділік әкелмей, тісті жұлу қажет болғанда, стоматолог-хирург кәсіби түрде тез әрі ауыртпай қажетті тісті жұлады. Дұрыс өспеген және кедергі жасайтын тісті де жұлу ықтимал болуы мүмкін. Тіс жұлумен кәсіби стоматолог-хирург шұғылданатын болса, онда барлық ықтимал асқынулар орын алмайды. Сонымен қатар Profident клиникасының хирургтары тіс түбірінің үстінде орналасқан жылауықтарды да алып тастайды.
☆ Profidentстоматологиясының маманы тісті жұлып тастаудан бұрын протездеу немесе жоқ тістің орнына имплантация жасауға қатысты пациентке кеңес береді.
☆ Profident стоматологиялық клиникасында біз өз пациенттерімізге көпшілік тіс дәрігерлері ХХІІ ғасырдың технологиясы деп атап CEREC, тістерді протездеу және қалпына келтіру технологиясын ұсынамыз. Технология пациенттердің уақыты мен қаражатын маңызды шамада үнемдейді. Сонымен қатар зергерлік дәлдікте қиын жұмысты атқаруға мүмкіндік береді. CEREC – бір сағат ішінде тістерді протездеу технологиясы!
Адамның сыртқы тартымдылығында маңызды рөл атқаратын фактор – бұл дұрыс тістем. ☆ Profident клиникасының дәрігер-ортодонттары кез келген қиындық дәрежесіндегі ақауларды тиімді түзетеді. Инновациялық емдеу әдістерін және брекет-жүйелерді және түзетуші капаларды дайындау кезінде, ең жаңа материалдарды пайдалану түзету терапиясы кезеңін және пациенттің жайсыздықты сезінуін азайтады.
☆ Profident клиникасында тәжірибелі ортодонттар жұмыс істейді, олар Сіз үшін жеке емдеу жоспарын әзірлейді, Сізбен бірге тістемді түзетудің ыңғайлы жүйесін таңдайды, бүкіл емдеу кезеңі барысында көмектеседі және кеңес беріп отырады.
Тістерді ағарту ZOOM — бұл ілгергі және бүкіл әлемде кең пайдаланылатын бір сеанс ішінде эмальды 8-10 реңкке ағарту әдістемесі. Бұл жылдам нәтижеге қол жеткізгісі келетін адамдар үшін зор мүмкіндік, тіс дәрігерінің кабинетінде 1 сағатта Сіз аппақ қардай әдемі жымиыстың иесі болып шыға келесіз!
☆ Profident клиникасында біз Сізге аппақ және сұлу тістер туралы арманыңызды жүзеге асыру мүмкіндігін тарту етеміз.
БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
Алматы қ., Жароков к-сі 366