


Көпшілік жағдайда пародонтит гингивиттен басталады – бұл тістің тірек тіндері әлі зақымдала қоймаған қызылиектің қабынуы. Гингивит, әдетте, бала кезден басталады, жасөспірім шақта жоғары шегіне жетеді, ересек адамдарда өте жиі кездеседі.
Тіндердің қабынуы мен бұзылуы қызылиектің қан ағу, іріңдеу, тіс түбірі беткейінің ашылуы, тістердің қозғалуы және ауыздан жағымсыз иіс шығуы түрінде көрініс табуы мүмкін.
Қабыну барысының симптомдарына қызылиектің қызаруы мен ісінуі, ауыздан жағымсыз иіс шығуы, кейде қышуы немесе ауыру сезімдерін сезінуі, тістің ыстық тамаққа сезімталдығы, бірақ негізгі себебі қызылиектен қан ағу болып келеді.
Кейіннен шайнау кезінде ауыратын болады, тістем өзгереді, тістер қозғалады, тістердің арасындағы қуыс ұлғая түседі, тамақ тұрып қалады, қызылиек іріңдейді.
Ауыз қуысындағы қақ, тастар, тамақ қалдықтары микроорганизмдердің көбеюіне жақсы жағдай жасайды. Егер микроскоппен қақты және тіс тасын қарайтын болсақ, микроорганизмдерге толы құмырсқаның илеуі сияқты нәрсені көруге болады.
Басқа себептердің арасында темекі шегу, тістер мен тістемнің дұрыс орналаспауы, қант диабеті, тұқым қуалаушылық, бұрын қалпына келтірілген тістер сапасының нашар болуы (пломба, тіссауыт және т.б.).
Сонымен, пародонтитті емдеу мүмкін емес деген пікір дұрыс емес. Диагноз неғұрлым ерте қойылса, емдеу нәтижелері де соғұрлым жасы болады. Кешіктірілген емдеу аурудың өршуін тоқтатады, бірақ сүйек тінін қалпына келтіру мүмкін болмайды.
Өз тістеріне тиісті дәрежеде күтім жасайтын сау адам жарты жылда бір рет ауыз қуысының кәсіби гигиенасын жасауы тиіс. Егер адамда гигиеналық әдеттер қалыптаспайтын болса, қақ пен тас өте тез жиналады, сондықтан кәсіби гигенаны әр 2-3 айда жасап тұру керек.
Пародонтологиялық аурулары бар адам кемінде үш айда бір рет кәсіби гигиена маманына көрініп тұруы тиіс.
Көп жағдайда пародонтиттің басталуы елеусіз өтеді, ауру белсенді өршу сатысында диагностикаланады, қызылиектен қан ағу, сезімталдық және тістердің орнықсыздығы сияқты көзге көрініп тұратын симптомдар пайда болады. Осы бір жағымсыз сезімдерді бастан кешкен соң ғана, біз көмек сұрап, пародонтолог дәрігерге жүгіреміз. Profident клиникасының жоғары санатты дәрігерлері Сізге аурудан айығуға және Сіздің тістеріңіз бен қызылиектің саулығын нығайтуға көмектеседі!
БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
Алматы қ., Жароков к-сі 366