Стоматология в Алматы | Лучшая стоматологическая клиника "Profident"
Алматы қ., Жароков к-сі 366 Дүйсенбі - жұма 09:00-19:00, сенбі 09:00-17:00 +7 727 355 0070

Тіс-техникалық зертхана

Тіс-техникалық зертхана Profident

Profident клиникасының жоғары мәртебесі жабдықталу дәрежесі жағынан Орталық Азияда бірден-бір жалғыз сараптамалық сыныптағы жеке тіс-техникалық зертханасы болуымен анықталады. Қуатты өндірістік базасы протездеу сапасын арттыра түседі, өйткені клиенттің барлық тілектері ескерілген кез келген түзету бірден осы жерде жүргізіледі. Сондай-ақ мұның өзі дәрігер мен техникке кез келген мәселені жедел шешіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізе отырып, тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

БІЗДІҢ КҮШТІ ЖАҚТАРЫМЫЗ:

• Кез келген түр мен қиындықтағы тіс-техникалық жұмыстар.
• Жұмыстағы тұрақтылық, жүйелі әдіс, шынайы мерзімдер.
• Көпжылдық тәжірибесі бар кәсіпқойлар.
• Кез келген қойылған мәселе үшін оңтайлы шешім іздеу.
• CAD/CAM-технологияларды пайдаланудың орасан зор тәжірибесi.

Profident тіс-техникалық зертханасының мамандары Profident

Profident зертханасы стоматологиялық конструкциялардың келесі түрлерін дайындаумен шұғылданады:

1. Керамикалық тіссауыттар.

2. Керамикалық қыстырмалар.

3. Цирконий диоксидінен жасалған металсыз тіссауыттар (SIRONA).

4. Цирконий диоксидінен жасалған металсыз көпір тәрізді конструкциялары (SIRONA).

5. Литий дисиликатының металсыз тіссауыттары (Ivoclar Vivadent).

Profident клиникасының жеке зертханасы ең заманауи жабдықпен жасақталған:

  • SIRONA inEos X5 фирмасының революциялық зертханалық 3D-сканері
  • SIRONA inFire HTC Speed фирмасының цирконийді пісіруге арналған жоғары температуралық пеші
  • ☆ CAD/CAM SIRONA inLab SW бағдарламалық жасақтамасы
  • SIRONA inLab MC X5 фирмасының фрезерлік станогы
  • inLab MC XL фрезерлік және ажарлағыш аппараты

 

SIRONA inEos X5 зертханалық 3D-сканер

SIRONA inEos X5 фирмасының революциялық зертханалық 3D-сканері

Осы бір жаңа революциялық зертханалық сканер — барлық цифрлық міндеттерді шешу бойынша біздің басты мамандарымыздың бірі.

Арнайы ұстағышқа, үлгіні инновациялық орналастыруға, сканерлеудің соңғы технологияларына және ашық интерфейске орай, 5-өстік inEos X5 сканері біздің Profident зертханамыз үшін тамаша дәлдікте жеңіл басқаруға, тез сканерлеуге және қолданудың тегіс қамтитын спектріне жол ашады.

inEos X5 таңдайдан бастап сканбоди платформасына дейін кез келген визуалды деректерді цифрлау кезінде барынша дәлдікті қамтамасыз етеді, мұның өзі тіс техниктерінің жұмысында зор маңызға ие.

Бұрын қалыпты немесе қыстырманы жасау үшін, пациенттің клиникаға 2-3 рет келуі қажет болатын.

Енді 3D-сканерлеу көмегімен 15 минутта пациент тісінің виртуалды үлгісі жасалады.

Содан кейін ол компьютерлік бағдарламада өңделеді, мұнда бұзылған тіс үшін автоматты режимде болашақ реставрация (қыстырма, тіссауыт немесе винир) үшін үлгі жасалады.

 

SIRONA inFire HTC Speed жоғары температуралық пеші

SIRONA inFire HTC Speed

Осы жоғары температуралық пеште біз реставрация жүргізуде пайдаланылатын матеиалдарды пісіреміз.

inFire HTC Speed фирмасының цирконийді пісіруге арналған жоғары температуралық пеші цирконий оксидін, полимерлерді, композиттерді, балауыз бен металдарды, сондай-ақ әйнек және гибридті керамиканы өңдеу үшін әмбебап құрылғы ретінде әзірленген.

Цирконий оксидінен дайындалған қаңқалар мен көпірлерді жылдам күйдіру небары 60 минутта жүргізіледі!

Цирконий оксидінен дайындалған қалыптар мен қалпақшаларды жылдам синтеризациялау небары 10 минутта жүргізіледі! 

Multilayer цифрлық қаптау технологиясымен дайындалған көпірлерді толық дайындау бір күн ішінде жүргізіледі.

Пештік бағдарламалық жасақтамасы жылдам күйдіруге арналған қосымша бағдарламадан тұрады, сондай-ақ пештік бір камерасында асыл металл емес реставрацияларды синтеризациялауға мүмкіндік береді.

 

SIRONA inLab SW бағдарламалық жасақтамасы

☆ CAD/CAM SIRONA inLab SW бағдарламалық жасақтамасы

inLab SW жаңа бағдарламасы inLab жүйесінің негізгі элементі болып табылады және цифрлық қалыптан бастап, реставрациялар мен үлгілерді үгілеу мен фрезерлеуге дейін бізге цифрлық өндіріс үдерісін толық бақылауға мүмкіндік береді.

Виртуалды артикулятор мен биогенерациялық үлгілеу функцияларына орай, біз толық анатомиялық реставрацияларды оңай жасай аламыз.

Жеке абатменттер, арқалық конструкциялар мен атачменттер фрезерленетін бөлшектеуші үлгілер сияқты тез дайындалуы мүмкін.

SIRONA inLab MC X5 фрезерлік жүйесі

SIRONA inLab MC X5 фирмасының фрезерлік станогы

Түрлі CAD/САМ жүйелерімен жұмыс істеуге арналған Sirona Dental Systems GmbHнеміс компаниясының алғашқы ашық фрезерлік станогы.

Көрсетпелері мен материалдарына қарай бесөстік inLab MC X5 фрезерлік аппаратын Profident зертханасы ылғал және құрғақ фрезерлеу үшін пайдаланады.

Біз күрделі технологиялық шектеулерсіз реставрация жасауды ұйымдастырамыз.

inEos X5сканерлеу жүйесімен біріктірілген станок қаптаманы сканерлеген соң, пациент тісінің виртуалды 3D-үлгісі жасалады.

Үлгілеу аяқталған соң, файл фрезерлік станокка жөнелтіледі, мұнда цирконийден жасалған қыстырма немесе жеке хирургиялық шаблон жасалады.

inLab MC XL ажарлағыш блогы

 

inLab MC XL фрезерлік және ажарлағыш аппараты

inLab MC XL фрезерлік және ажарлағыш аппараты – бұл ылғал ажарлау функциясы бар және Profident.

стоматологиялық зертханасында реставрацияны өндіруге арналған көп опциялы жылдам ажарлағыш-фрезерлік аппарат. inLab MC XL фрезерлік және ажарлағыш аппараты, автоматты және өте дәл фрезерлік машинасының көмегімен қалпына келтіруге жататын тіске арналған реставрация тікелей тұрған орнында жасалады. 

inLab MC XL фрезерлік және ажарлағыш аппараты , жүйесін пайдалану мүлдем жаңа мүмкіндіктер ашады: күрделі клиникалық жағдайларда жұмыс икемділігін қамтамасыз ету үшін, дәрігерге бір рет келгеннің өзіндеалуан түрлі қыстырмалар мен қаптамаларды, винирлерді, ішінара немесе толық анатомиялық пішінді тіссауыттарды және уақытша көпірлерді дайындау мен бекіту.

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

Алматы қ., Жароков к-сі 366

БІЗДІҢ ТЕЛЕФОНДАРЫМЫЗ:

+7 (727) 355 00 70

+7 (727) 355 00 77

+7 (777) 705 53 51

Цифрлық стоматология

Біздің команда

Біздің лицензиялар мен сертификаттар

Слайд 1 - копировать
Слайд 1
Слайд 1
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
previous arrow
next arrow

Қабылдауға жазылу

    Соңғы жаңалықтар

    Зуб мудрости

    Ақыл тіс

    Әр қатарда есеп бойынша сегізінші ақыл тістер ең соңында, көбіне 17 жастан бастап 22 жасқа дейін, кейде одан да кеш мерзімде пайда болады.

    Толығырақ
    Profident - лучшая стоматологическая клиника в Казахстане!

    Profident - Қазақстандағы үздік стоматологиялық клиника!

    Олар Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал, ал олардың кәсіби наградаларына сан жетпейді.

    Толығырақ
    Всё для голливудской улыбки: ТОП-5 инноваций в стоматологии

    Бәрі голливудтық жымиыс үшін: стоматологиядағы ТОП-5 инновация

    Қызметтің басқа салалары сияқты стоматология да бір орында тұрмайды, үнемі әлдебір жаңалық пайда болып отырады, мұның өзі тіс дәрігерлерінің жұмысын жетілдіре түседі.

    Толығырақ
    kkKazakh