Біз бала кезімізде бастан өткізген тіс мәселелеріміз балаларымызда болмаса екен деп тілейміз, біздің кезімізде тіс дәрігеріне көріну сұмдық оқиғаға айналатын, ата-анамыз көз жасымызды көріп, алдап-арбайтын, ойыншық әперем деп уәде ететін.
Ерте балалық шақта сүт тістері шыққан балалардың тістеріне құрт түспеуін, тісі ауырып азаптанбағанын қалаймыз. Бұл үшін барлық тіс дәрігерлері бірауыздан ауыз қуысына күтім жасаудың маңызды екендігі туралы ғана емес, сондай-ақ сүт тістері алғаш пайда болған сәттен бастап, оған мұқият күтім жасау керектігін айтады. Сүт тістерге күтім жасау әбден күнделікті мықты дағдыға айналуы, кішкентай адамның тістерінің өмірінің соңына дейін сау әрі әдемі болуын қамтамасыз етуі тиіс деп айтады. Бұл ақиқат нәрсе — сүт тістер ұзақ тұрмаса да, оларға күтім жасаудың маңыздылығы тұрақты тістердің дұрыс әрі уақтылы өсуін қамтамасыз етеді. Толық әрі сау сүт тістер асты жақсы қорытуын, жақтардың дұрыс қалыптасуын және дыбыстардың дұрыс айтылуын қамтамасыз ететіндігі туралы айтпаса да болады.
Жалпы алғанда, ақылды ат-аналар үшін сүт тістерге күтім жасауда ең тиімді әдіс алғашқы тістер пайда болғанға дейін тіс дәрігерімен әңгімелесу болып келеді. Дәрігер ауыз қуысының жағдайына баға беріп, сүт тістерге күтім жасау туралы қызықты сұқбат өткізеді, сондай-ақ емізікті ұзақ пайдаланудан пайда болатын тістемнің ауытқуын болдырмау туралы әңгімелеп береді. Дәрігер тіс үшін маңызды өнімдерден — ақуыз, кальций, фосфор, Д дәрумені мен фтордан құралатын тамақтанудың зор маңызға ие екенін еске салады.
Сүт тістерге күтім жасау, өзіңіз біліп тұрағаныңыздай, алғашқы тістер пайда болған сәттен басталады. Сіз енді ғана көп сілекей бөлініп, тітіркендіріп, еркелігін көрсетіп және жылап әбіржіте отырып, сүт тістерінің өсу «ғажайыптарынан» демалып отырған шағыңыз, бұл тек резеңке сақиналар көмектесетін кез. Ал енді бөлме температурасындағы қайнаған суға малынған мақта таяқшамен әр тамақтандырған сайын, сәбидің тісін тазалап отыру керек. Бұл сәбидің өміріндегі арнайы жұмыс бөлігі поролоннан жасалған алғашқы тіс щеткасы болуы мүмкін. Баланы тізеңізге отырғызып, оның тістерін мұқият тазалаңыз, тістен тамақ қалдықтары мен бактериялы қақтарды алып тастауға тырысыңыз. Мұның өзі тіске күтім жасау дағдысына тәрбиелейді, одан әрі сіз тәртіпке байланысты мәселелерге кем ұшырайтын боласыз.
Шамамен 1,5 жастан бастап, бірнеше сүт тіс пайда болғанда, қылтығы жұмсақ балалардың тіс щеткасы пайдаланылады. Бала кезінде сәбидің қорықпауы үшін мерзім сайын — жарты жылда бір рет — тіс дәрігеріне көрсетіп отырыңыз.
Сәби сүт тістерге өзі күтім жасап үйренгенше, баланың арқасынан тұрып алып, оның басын аздап көтеріп, оған көмектесу керек — 1-2 минут тістің ішкі және сыртқы бетін мұқият тазалау қажет. Щеткадағы пастаның мөлшері бұршақ дәніндей көлемде болуы тиіс. Тіс щеткасы қызылиекті тазаламайтын және тістің бүкіл бетіне қысымды біртегіс тарататын, шоғыр ұштары дөңгелектенген қылшықтардың көптеген жеке шоғырларынан тұратын жасанды қылтандардан құралған, ұзындығы шайнайтын екі тіске жуық кішігірім тазалағыш бастиекке ие болуы тиіс. Сондай-ақ өз сәбиіңізге дәмді және түрлі-түсті тіс пастасын, ойыншық тәрізді жуан таяқшасы бар әдемі әрі ашық түсті щетканы сатып әперіп, оған сүт тістеріне күтім жасауды сүйікті ісіне айналдыруға көмектесіңіздер.
Егер сүт тістерге күтім жасау сақталса және ата-ана оны қатаң бақылап отырса, онда үш-төрт жасына қарай сәбиде 20 сүт тістен құралған толық жиынтық пайда болуы тиіс. Осы жаста ол кешке ұйқыға жатуға апаратын жол ванна бөлмесі арқылы өтетінін анық түсініп, өз тістеріне толық өз бетінше күтім жасап отыруы тиіс. Егер сүт тістерге күтім жасалғанына қарамай, тістер бұзыла бастаса, бір жарым жасынан бастап тістерді фторлы лакпен немесе фторлы күміс қосылысымен өңдеуге болады. Соңғысынан тіс қараяды, оның есесіне күміс зарарсыздандырушы әсерге ие болады, тістің жоғары сезімталдығын төмендетеді, ал тіс эмальды нығайта түседі. Мұның өзі эмалі әлсіз сүт тістеріне күтім жасауға көмектеседі, өйткені енді басталып келе жатқан тісжегі үдерісі тоқтайды.
Сүт тістерге күтім жасау кезіндегі ең жауапты кезең – бұл сүт тістердің әлі бәрі түсіп бітпеген, ал алғашқы тұрақты тістер жарып шыға бастаған кез. Қырағылықты жоғалтпаңыз, жаңа пайда болған тұрақты тістерді тісжегіден бірден қорғау үшін, тісті жақсылап тазалаңыз. Сонымен қатар асқын тісжегісі бар сүт тістер жарып шығып келе жатқан тұрақты тіске зиян келтіретін сүт тістердің іріңді қабынуына, іріңдеуіне себеп болуы мүмкін.
Сіз өмірдің алғашқы алты-жеті жылын сау сүт тістермен абыроймен өткізесіз және тісжегіден барынша тиімді қорғауға тырыса отырып, тұрақты тістерге үздіксіз күтім жасайсыз деп үміттенеміз. Бұл туралы келесі жолы айтамыз…
Ақпарат дереккөзі: womandent.ru/forchildren/milk/