☆ Profident стоматологиялық клиникасының хирургиясында жеке бағыт бар – бұл хирургиялық пародонтология. Хирургиялық араласу пародонтиттің немесе пародонтоздың орташа және ауыр сатысында қажет болуы мүмкін.
Осы ауруды емдеудің қандай хирургиялық тәсілдері қолданылуы мүмкін:
1. Қызылиек қалталарын кесу – тістен ажыраған қызылиек тілігін алып тастау. Лазер арқылы емшара өткізілуі мүмкін;
2. Жұмсақ тіндерден жасалған трансплантанттарды пайдалану – қызылиек қалтасының өсуін болдырмау үшін.
3. Гингивэктомия – тіссауытты ұзарту;
4. Гингивопластика – артық қызылиек тінін алып тастау;
5. Қиынды операциялары – сүйек қалталарындағы терең қызылиек астындағы шөгінділерді тазалау;
6. Сүйек тінін қайта жаңғырту – синтетикалық материалдардың көмегімен сүйекті қалпына келтіру;
7. Пародонттық қалталарды қырып тазалау – периодонттық байламдар мен жұмсақ тіндер бұзылғанда қалталарды тазалау.
Пародонтиттің/пародонтоздың өршу қаупі ретінде қызылиек қалтасын жоюға арналған операцияны білдіреді.
Дені сау жағдайда бүкіл перимтер бойынша тістің мойнын қамти отырып, қызылиек тіске нығыз жуысып тұрады. Аурудың бастапқы сатысында – гингивитте – қызылиек тінінің құрылымы өзгереді. Ол ісінген, борпылдақ бола түседі, соған орай тамақ бөлшектері қызылиек пен тіс арасына оңай түсіп, патогендік микроорганизмдердің көбеюіне себеп болады. Уақыт өте келе қызылиек қалталары тереңдей түседі, зиянды бактериялар одан сайын орныға түседі, мұның өзі, сайып келгенде, аурудың өршуіне әкеледі.
Осындай бактериялар ұясынан құтылу үшін, 3 мм тереңдікте тіле отырып, артық қызылиекті алып тастайды, бұл ретте сақтап қалынған қызылиек қалтасы қырып тазалаудың немесе ультрадыбыстың көмегімен тазалауға жатады. Бүкіл емшара жергілікті жансыздандыру арқылы өткізіледі. Содан кейін араласу орнына таңғыш таңылады. Осындай операция өткізілген соң, тіс көзбен шолып қарағанда ұзын болып көрінеді және барынша сезімтал бола түседі (ыстық/салқын тамақты сезгіш келеді).
Қызылиек қалтасының пайда болуы
Қызылиекті тілу, шөгінділерден тазалау
Бетін тегістеу
Қызылиекті кесу және тігу
Пародонттың сүйек тіндерін емдеуге, сорылу кезінде оларды қалпына келтіру үшін жасалатын операцияны білдіреді. Оның зақымдалған орнына сүйектің қалпына келуін демеуге арналған арнайы протеин орнатылады.
Алдын ала жансызданыру арқылы қызылиекте тілік жасалады. Бұл ретте қиынды пайда болады, оны бүгіп, сүйек тіндеріне қол жеткізіледі. Одан әрі қырып тазалаудың немесе ультрадыбыстың көмегімен қызылиек астындағы шөгінділерден және патологиялық өзгерген тіндерден тазартылады. Жойылған тіндерді қалпына келтіру үшін, осы аумаққа қызылиектің өсуіне мүмкіндік бермейтін сүйек-пластикалық материал және жаңа сүйек тінін қалыптастыру жағдайын жасауға қажетті мембрана орнатылады. Өткізілген қол әрекетінен соң, тістер ерекше пародонтологиялық таңғыштармен қорғалады.
Осы емшара көбіне тіссауыт-қызылиек пропорциясын қалпына келтіру үшін эстетикалық мақсаттарда немесе қызылиек тіні ұлғайып, тісті жаба бастайтын гипертрофиялық гингивит стяқты ауруларда өткізіледі. Осыдан олар қысқа сияқты болып көрінеді. Араласу нәтижесінде тістің өзі емес, қызылиектің кейбір аумағын алып тастау есебінен көзге көрінетін тіссауыт ұзарады.
Пародонтологиялық аурулар өршіген кезде, тістің жалаңаштанған аумақтарының «жабылу» барысын білдіреді. Пародонтит кезінде қызылиек тіні біртіндеп сорылады, сондай-ақ бұрын жабылған тіс тіндері ашылып, сыртқы тітіркендіргіштерді (ыстық немесе салқын тамақ) сезетін болады. Тістің одан әрі ашылуын, қызылиек қалтасының ұлғаюын болдырмау үшін, сондай-ақ тісжегіден қорғау үшін тісті жабу мақсатында, жұмсақ тінді трансплантаттар пайдаланылады. Жұмсақ тінді трансплантаттар пациенттің таңдауынан кесіп алып, зақымданған аумаққа тігілген тіліктер болып келеді. Сондай-ақ операция эстетикалық мақсаттарда да өткізілуі мүмкін.
Пациенттің өз тісін сақтап қалу, одан әрі жұлынуын болдырмау және одан әрі протездеу – біздің мамандарымыздың басты міндеті. Өз жұмысымызда біз ең жаңа жабдықты пайдаланамыз.
☆ Profident клиникасындағы хирургиялық пародонтология кешенді диагностикалаудан, жеке емдеу жоспарынан және мәселеге жете мән беруден, жоғары санатты дәрігер-хирургтардың тиімді емдеу әдістерінен, операцияның ауыртпауынан, қауіпсіздік пен жайлылықтан тұрады!
БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
Алматы қ., Жароков к-сі 366