Стоматология в Алматы | Лучшая стоматологическая клиника "Profident"
Алматы қ., Жароков к-сі 366 Дүйсенбі - жұма 09:00-19:00, сенбі 09:00-17:00 +7 727 355 0070

Алматыдағы пародонтология

Profident көпсалалы клиникасында ауыз қуысының кәсіби гигиенасы, қызылиек пен сүйек қалталарын хириргиялық емдеу (гингивэктомия, қиынды операциялары), түбірді көтеру операциялары (протездеу мақсатында), сүйек тінінің «авто» және «ало» трансплантациялары (сүйек қалталарына өз сүйегін немесе жасанды сүйек қондыру), лазерлік емшаралар, периодонтитті диагностикалық зерттеу жүргізіледі.

Пародонтит

Пародонтит – тістерді қоршап тұрған тіндердегі қабыну үдерісі, соның нәтижесінде тіндер бұзылады.

Көпшілік жағдайда пародонтит гингивиттен басталады – бұл тістің тірек тіндері әлі зақымдала қоймаған қызылиектің қабынуы. Гингивит, әдетте, бала кезден басталады, жасөспірім шақта жоғары шегіне жетеді, ересек адамдарда өте жиі кездеседі.

Тіндердің қабынуы мен бұзылуы қызылиектің қан ағу, іріңдеу, тіс түбірі беткейінің ашылуы, тістердің қозғалуы және ауыздан жағымсыз иіс шығуы түрінде көрініс табуы мүмкін.

Ауру белгілері

  • қызылиектің қабынуы гингивит деп аталады.
  • тістерді қоршап тұрған құрылымдардың (байлам пародонты, сүйек) бұзылуы пародонтит деп аталады.

Қабыну барысының симптомдарына қызылиектің қызаруы мен ісінуі, ауыздан жағымсыз иіс шығуы, кейде қышуы немесе ауыру сезімдерін сезінуі, тістің ыстық тамаққа сезімталдығы, бірақ негізгі себебі қызылиектен қан ағу болып келеді.

Кейіннен шайнау кезінде ауыратын болады, тістем өзгереді, тістер қозғалады, тістердің арасындағы қуыс ұлғая түседі, тамақ тұрып қалады, қызылиек іріңдейді.

Пародонтитпен ауыру қандай себептерге байланысты

Негізгі және аса жиі кездесетін себебі ауыз қуысы гигиенасының жеткіліксіз болуынан көрінеді..

Ауыз қуысындағы қақ, тастар, тамақ қалдықтары микроорганизмдердің көбеюіне жақсы жағдай жасайды. Егер микроскоппен қақты және тіс тасын қарайтын болсақ, микроорганизмдерге толы құмырсқаның илеуі сияқты нәрсені көруге болады.

Басқа себептердің арасында темекі шегу, тістер мен тістемнің дұрыс орналаспауы, қант диабеті, тұқым қуалаушылық, бұрын қалпына келтірілген тістер сапасының нашар болуы (пломба, тіссауыт және т.б.).

Ауру жағдайында не істеу керек

  • Тіс маңындағы тіндерді ерте диагностикалау және емдеу ауруды 80 пайызға дейін емдеп жазуға мүмкіндік береді. Пародонтитті емдеуге арналған түрлі әдістемелер бар, оларды қолдану аурудың ауырлығына байланысты.

 

  • Қазіргі таңда стоматологиялық дәрігерлік көмекке жүгінетін пациенттердің 2/3-не жуығы ауырлығы жеңіл және орташа түрдегі пародонтитпен ауырады. Мұндай пациенттерді ультрадыбыс, лазер, қол аспаптары, шаю, антибактериялық терапия көмегімен емдейді. Медицина тілімен айтқанда, консервативтік емдеу және қырып тазалау (қызылиектің қабыну ошағын жою мақсатында, пародонттық қалталардың ішіндегісін тазалау) жүргізіледі.

 

  • Аурудың ауыр түрінде пародонтитті емдеудің аса тиімді хирургиялық әдісі ретінде қырып тазалау және «қиынды операция» жасалады (пародонттық қалталарды жою мақсатында операциялық араласу), тістерді байланыстырып тұратын жасанды сүйек арқылы сүйек ақаулары түзетіледі. Пародонтиттің ауыр түрін емдеу әркез тісті аман сақтап қалуға көмектесе бермейді.

Сонымен, пародонтитті емдеу мүмкін емес деген пікір дұрыс емес. Диагноз неғұрлым ерте қойылса, емдеу нәтижелері де соғұрлым жасы болады. Кешіктірілген емдеу аурудың өршуін тоқтатады, бірақ сүйек тінін қалпына келтіру мүмкін болмайды.

Пародонтологиялық аурулар және одан қалай құтылуға болады

Пародонтологиялық ауруларды емдеу оның пайда болған сәтінен басталады. Алайда алдын ала пародонтологиялық аурулардың алдын алу және сол арқылы тістерді аман сақтап қалу мақсатында, профилактикалық дәрі-дәрмектерді пайдалануға болады. Осы мақсатқа қол жеткізудің ең үздік тәсілі – қақтың пайда болуының алдын алу. Щетка мен тіс жібі жеке гигиенаның құралдары болып келеді.

Өз тістеріне тиісті дәрежеде күтім жасайтын сау адам жарты жылда бір рет ауыз қуысының кәсіби гигиенасын жасауы тиіс. Егер адамда гигиеналық әдеттер қалыптаспайтын болса, қақ пен тас өте тез жиналады, сондықтан кәсіби гигенаны әр 2-3 айда жасап тұру керек.

Пародонтологиялық аурулары бар адам кемінде үш айда бір рет кәсіби гигиена маманына көрініп тұруы тиіс.

Пародонтитті дәл диагностикалау

Көп жағдайда пародонтиттің басталуы елеусіз өтеді, ауру белсенді өршу сатысында диагностикаланады, қызылиектен қан ағу, сезімталдық және тістердің орнықсыздығы сияқты көзге көрініп тұратын симптомдар пайда болады. Осы бір жағымсыз сезімдерді бастан кешкен соң ғана, біз көмек сұрап, пародонтолог дәрігерге жүгіреміз. Profident клиникасының жоғары санатты дәрігерлері Сізге аурудан айығуға және Сіздің тістеріңіз бен қызылиектің саулығын нығайтуға көмектеседі!

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Алматы қ., Жароков к-сі 366

БІЗДІҢ ТЕЛЕФОНДАРЫМЫЗ: 

+7 (727) 355 00 77

+7 (777) 705 53 51

Егер тіс қағын немесе тасты тазаламаса, не болады

Біздің мамандарымыз

Біздің лицензиялар мен сертификаттар

Слайд 1 - копировать
Слайд 1
Слайд 1
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
previous arrow
next arrow

Қабылдауға жазылу

    kkKazakh