Стоматология в Алматы | Лучшая стоматологическая клиника "Profident"
Алматы қ., Жароков к-сі 366 Дүйсенбі - жұма 09:00-19:00, сенбі 09:00-17:00 +7 727 355 0070

Алматыда тістемді түзету

Тістем бұл тістерді жуыстырғанда тіс қатарларының орналасуы. Тістем ақауларын емдеумен дәрігер-ортодонт айналысады.

Қандай жағдайларда тістемді түзету?

қажет болуы мүмкін? • егер жақтардың бірі быр жағына қарай жылжыса немесе алға қарай шығып тұрса;

• егер кейбір аумақтарда түрлі қатардағы тістер жуыспайтын болса, тістер бір-біріне тым жақын тұрса, тығыз орналасса;

• тіс арасында үлкен саңылаулар болса, қажет етіледі.

Тістемді міндетті түрде түзету қажет пе?

Көпшілік адамдар жымиысы әдемі көрінуі үшін тістемді түзеткісі келеді, бірақ ортодонтқа келуге асықпайды, өйткені сұлулыққа бола брекет немесе капа киіп жүру қажет емес деп санайды. Алайда дұрыс емес тістем – бұл тек қана эстетикалық мәселе емес. Ол өте маңызды келесі салдарларға әкелуі мүмкін:

  • бет пішінінің өзгеруі;
  • дикцияның нашарлауы;
  • жұту қызметінің бұзылуы;
  • тыныс алу қызметінің бұзылуы;
  • қызылиек ауруларының дамуы;
  • асқазан-ішек ауруларының дамуы;
  • шайнау жүктемесі түсетін тістердің тез бұзылуы.

 

Тістемді түзету әдістері

Ортодонттық аппараттар

Мөлдір капалар

Мөлдір капалар. Алмалы-салмалы, айналадағыларға елеусіз, тағып жүргенге ыңғайлы жүйенің көмегімен тістемді түзету.

Егер маңызды кездесуге бару қажет болса, онда капаны ортодонттың көмегінсіз шешіп қоюға болады.

Бет пен еріннің шырышты қабығын жарақаттамайды. Ауыз қуысына оңай күтім жасауға мүмкіндік береді.

Егер тісжегіні емдеу қажет болса, онда мұндай капаларды шешіп қойып, еркін емделуге болады.

Брекет-жүйелер

Брекет-жүйелер. Бұл кәдімгі стоматологиялық қапсырмалар. Әдетте, егер алдыңғы тістер алға қарай өте қатты шығып түрса немесе астыңғы тістер алға қарай қатты шығып тұрса, брекет-жүйелер өте жақсы көмектеседі. Мұндай жағдайларда брекет-жүйе мәселенің тамаша шешімі болып келеді. Сонымен қатар мөлдір түрдегі брекеттер де бар, олар тісте мүлдем байқалмайды, өйткені таңдай жағынан бекітіледі, тиімділігі өте жақсы!

Қапсырмалар не керамикадан, не мателдан не әртүрлі қорытпа металдан дайындалуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы, әдетте, бірнеше жыл мерзімге тағайындалады. Осы емдеу алдында моральдық, материалдық және денсаулық жағынан дайындалу қажет. Ауыз қуысын толық тазалау, тісжегіден құтқару үшін, тіс дәрігеріне қабылдауға келуі керек. Осы әдістеменің емшарасы тым ұзақ болғандықтан, қажетсіз тісжегі тіс қиқымын тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда қапсырманың сыну қаупі туындайды, сол кезде дәрігер-ортодонтың бүкіл жұмысы босқа жұмсалады.

 

Тіс пластинкалары

Тіс пластинкалары. Бала кезде және жасөспірім жасында пайдаланылады, өйткені пластиканалар тістерді дұрыс қалыпта бекітеді, бірақ қажетті бағытта жылжытпайды.

Тіс трейнерлері

Тіс трейнерлері. Тіс енді ғана қалыптасып келе жатқан бала кезде пайдаланылатын ортодонттық аппарат. 

Тіс трейнерлері жақтағы бұлшықеттер мен буындарға қатты қысым бергенде, тістемді табиғи етуге көмектеседі. 

Трейнерлер балаларға бірқалыпты қысымға үйренуге көмектеседі (мамандар оларды ашық түрдегі тістемді түзету үшін, сондай-ақ астыңғы жақтың дұрыс орналаспауын түзету үшін пайдалануды ұсынады).

Бұл аспапты түнде ұйықтар алдында, сондай-ақ күндіз бір сағат кию керек. Бірақ осы әдістеме пациенттерге 100 жағдайдың 99-ында көмектеседі, осы емдеу тәсілінің тиімділігі өте үлкен.

Тістемді қалай түзетуге және сұлу жымиысқа ие болуға болады?

Запишитесь на консультацию по телефону ☎ +7 (727) 355-00-77 телефондарымен кеңес алуға жазылып, Сідің жымиысыңыз мінсіз болуы үшін қанша уақыт қажет екенін біліңіз. Profident клиникасында тәжірибелі ортодонттар жұмыс істейді, олар Сіз үшін жеке емдеу жоспарын әзірлеп береді, Сізбен бірге тістемді түзетуге ыңғайлы жүйені таңдайды, бүкіл емдеу кезеңі барысында көмектеседі және кеңес беріп отырады. Біздің клиникаға қоңырау шалып, қабылдауға жазылыңыз – бұл Сіздің мінсіз тамаша жымиысқа деген алғашқы қадамыңыз болады!

Дұрыс тістемді сақтауға арналған ұсынымдар

Тістердің тегістігін бұзатын, бұлшықеттер мен буындарға артық қысым түсіретін зиянды әдеттерден құтылған жөн (еңкіштік, иықтың көмегімен телефонды құлаққа қысып ұстау, бала кездегі қисықтық).

• Бала кезінде саусақты немесе сорғыны шектен тыс ұзақ сору да осы ауруды тудыра алды. 

• Ерінді, бетті тістеу де (сондай-ақ тырнақты кеміру) тістемнің нашарлауына ықпал етеді.

• Дұрыс емес күн рационы табиғи емес тістемге жиі себеп болып жатады. Қатты жемістер мен көкөністерді көбірек жеу керек.

• Тамақ қалдықтары тіс арасындағы қалдықтарды қалып қоюы мүмкін, мұның өзі тісжегіні тудырады. Сондықтан тамақтанудан кейін ауыз уқысын бір шай қасық сода салынған сумен шаю керек.

• Дұрыс жылжымаған тістер бір-біріне тиген кезде, эмальды қажайды. Ең болмағанда дәрігерге жылына бір рет көріну керек.

Тіс тамақты шайнауға немесе оны майдалауға арналған жай ғана «аспап» емес, ол біздің өмірміз, біздің бастауымыз. «Біз не жесек, солмыз» деп бекер айтпаса керек, ал біз тіс арқылы жейміз. Сондықтан бізге сау, дұрыс орналасқан тістер қажет.

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

Алматы қ., Жароков к-сі 366

БІЗДІҢ ТЕЛЕФОНДАРЫМЫЗ:

+7 (727) 355 00 77

+7 (777) 705 53 51

Брекет көмегімен тістемді түзету

Біздің команда

Біздің лицензиялар мен сертификаттар

Слайд 1 - копировать
Слайд 1
Слайд 1
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
previous arrow
next arrow

Қабылдауға жазылу

    Соңғы жаңалықтар

    Требуется администратор в клинику

    Требуется администратор в клинику

    В стоматологическую клинику премиум-класса Profident требуется администратор такого же уровня. Ждём откликов...

    Толығырақ
    Зуб мудрости

    Ақыл тіс

    Әр қатарда есеп бойынша сегізінші ақыл тістер ең соңында, көбіне 17 жастан бастап 22 жасқа дейін, кейде одан да кеш мерзімде пайда болады.

    Толығырақ
    Profident - лучшая стоматологическая клиника в Казахстане!

    Profident - Қазақстандағы үздік стоматологиялық клиника!

    Олар Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал, ал олардың кәсіби наградаларына сан жетпейді.

    Толығырақ
    kkKazakh