Стоматологиялық клиникаға келген соң, әрпациент алдағы емдеудің нәтижесі, емдеу сапасы, диагноз қою дәлдігі қалай болар екен деген ойға шомады.
Емдеу нәтижелерінің болжалды болуы, ал емдеу сапасы ең жоғары талаптарға сәйкес келуі үшін, орындалатын жұмыстың сапасын бақылау мақсатында, қазіргі заманғы және озық медициналық технологиялардың көмегімен пациентті тексеру кезінде, сондай-ақ емдеудің барлық кезеңдерінде жоғары дәлдікте функционалдық диагностикалауды өткізу қажет.
Функционалдық диагностика – бұл организмнің түрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін шынайы бағалау мақсатында, зерттеудің аспаптық және зертханалық әдістерін қолдану, науқастардың бойынан ауруды ерте бастан танудың маңызы зор.
☆ Computer-Aided Design' технологиясы немесе қысқартылған түрде CAD/CAM — бұл тіске және имплантаттарға — винирлерге, тіссауыттарға, қыстырмаларға арналған тіректері бар ортопедиялық конструкцияларды, компьютерлік технологиялардың көмегімен имплантаттарға және имплантаттардың абатменттеріне арналған тіректері бар тіссауыттарды жобалау мен дайындау технологиясы. Осы технологияның артықшылықтары контрукцияны дайындау жылдамдығынан, дәрігерге ыңғайлы болуынан және пациенттің анатомиялық ерекшеліктеріне бағдарлана отырып, пациент үшін жеке конструкция пішінін үлгілеу мүмкіндігінен, конструкцияны дайындау кезеңдерінің санын азайтудан көрінеді.
CAD/CAM технологиясы - бұл сызба тақтаның жетілдірілген нұсқасы: Profident клиникасының дәрігері компьютерде үшөлшімдік үлгілеу мен жобалауды орындай алады. Осындай жүйеде жасалған үлгіні кез келген бұрыштан, сондай-ақ кез келген жарықтандыру жағдайында егжей-тегжей қарастыруға болады. Мәселен, маман пациент үшін «шынайы жағдайда» табиғи тістен кем түспейтін ортопедиялық конструкцияны жасай алады, өйткені пациенттің барлық физиологиялық ерекшеліктерінің үлгісі жасалатын болады.
☆ Profident стоматологиялық клиникасында сәулелену деңгейі өте төмен SIRONA Galileos- цифрлық рентген аппараттары пайдаланылады. Цифрлық көлемдік томографияның көмегімен алынған деректерге орай, имплантацияны жоспарлау сапасы арта түседі, өйткені тіс дәрігері 3-D режимінде жақ-бет бөлімінің сүйек құрылымдарының өте дәл бейнесін алады. Диагностиканың осы түрі компьютердің экранында сүйекті ғана емес, сондай-ақ тамыр және үстіңгі және астыңғы жақ жүйкелері сияқты ұсақ құрылымдарды да мұқият талдауға мүмкіндік береді.
Пациентті орналастырудан бастап, бейнені алумен аяқтай отырып, томографтың барлық жұмыс кезеңдері рентген аппараты элементтерін оңтайлы өзара әрекеттестіру мақсатында мұқият синхрондалады.
Рентген аппараты барлық ірі габариттік рентген қондырғылары ішінде сәулеленудің өте аз тиімді дозасын қамтамасыз етеді. Бейнені күшейту технологиясын қолдануға орай, бір суретті алуға қажетті сәулелену дозасын азайтуға қол жеткізіледі. Сәулелену дозасын қосымша ретте азайту суретке түсіру аумағын қысқарту есебінен қамтамасыз етіледі.
☆ Profident клиникасындағы цифрлық рентген аппараты бізге көрсетілетін қызметтер ауқымын маңызды шамада кеңейтуге, пациенттердің сенім деңгейін арттыруға және келесі салалардағы күрделі мәселелерді ұлғайтуға мүмкіндік береді:
Хирургиялық араласуды өткізу алдында тәуекелдер мен шектеулерді бағалау, инвазивтілігі өте төмен имплантаттарды орнату, орттопедиялық және имплантологиялық аспектілерді бір мезгілде бағалау.
Түбірлердің сынуы және тіс-жақ жүйесінің жараққаттануы кезінде ұсақ құрылымдарды бағалау, түбір арналарының ішкі және сыртқы резорбцияларын көрсету, түбір маңы зақымдалған жағдайда операцияға дейін диагностикалау, операцияға дейінгі эндодонттық жоспарлау (апикоэктомия алдында).
Ығысқан тістер, сынықтарды диагностикалау, синустарды, жылауықтарды, сақталып қалған түбірлерді диагностикалау, ортодонттық хирургиялық араласу.
Ығысқан, ретиниттелген тістер, ортодонттық талдау, түбірлердің резорбциясы, еріннің, жақ пен таңдайдың жарылуы.
Панорамалық зерттеулердің қарама-қайшы нәтижелері, оның ішінде біржақты емес нәтижелер, пародонтоз, пациенттерге кеңес беру, эндодонттық араласу, имплантология, ауыз қуысындағы хирургиялық араласулар.
Тіссауыттарды дайындау кезінде енді қалыпты шешу қажет емес! Бұл кезең тістерді электрондық сканерлеудің орнын ауыстырды!
☆ Profident көпсалалы клиникасында біз Швейцарияда, Цюрих қаласындағы университетте әзірленген CEREC, модульдік жүйесін пайдаланамыз. Модульдік жүйе тікелей пациенттің креслосында цифрлық қалып алатын жүйені білдіреді, бұл өзінің дәлдігімен және жоғары эстетикалығымен ерекшеленетін клиникалық нәтижелердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Біз табиғи түсте үшөлшемдік дәл бейнелерді аламыз. Сканерлеу ұнтақты пайдаланбай жүзеге асырылады және пациент үшін барынша жайлы болады.
☆ CEREC кешені – бұл WI-FI желісімен өзара байланысқан және дәрігерге болашақ реставрацияны сканерлеуге, үлгілеуге, соңынан фрезерлеуге мүмкіндік беретін құрылғылардың жиынтығы (компьютерлік блок, CEREC AC Omnicam сканерлеуші камерасы және inLab MC XL фрезерлік және ажарлағыш аппараты).
☆ Sirona CEREC технологиясы біздің пациенттеріміздің өмір сүру сапасын жақсарта түседі, емдеуге жұмсалатын уақытты, дәрігерге көріну санын, сайып келгенде, ақша шығындарын азайтады. Осыны түсіну бізге шабыт беріп, одан сайын жақсы жұмыс істеуге үндейді.
1) Қалпына келтіруге жататын тіс жақсы емделіп, препаратталған соң, дәрігер 3D арнайы фотокамерасының көмегімен ауызда орналасқан тісті суретке түсіреді.
2) 3D фотокамерасының көмегімен түсірілген сурет негізінде Cerec құрылғысында тістердің виртуалды 3D үлгісі жасалады, соның негізінде – бағдарламалық жасақтаманың көмегімен – тіс дәрігері қалпына келтіруге жататын тісті немесе оның бір бөлігін (тіссауыт, қыстырма, винир және т.б.) конструкциялайды.
3) Содан кейін автоматты және асқын дәлдіктегі inLab MC XL фрезерлік және ажарлағыш аппараты, көмегімен тікелей орнында қалпына келтіруге жататын тіс үшін қалпына келтірілуі ұшталады. Реставрация дайындау үшін, біз танымал өндірушілердің жоғары сапалы және төзімді минералды керамикалық блоктарын қолданамыз.
Реставрация дайындаған соң, тіс дәрігері оны пациенттің ауыз қуысына орнатады, осы арқылы тістің қажетті пішінін қалпына келтіреді.
Алдын ала емдеу аяқталған жағдайда, Cerec технологиялары шамамен екі сағат ішінде тісті қалпына келтіреді. Бұл дәрігерге бір рет келген уақыт ішінде жасалады.
☆ GALILEOS і SICAT функциясының көмегімен пациенттің тіс-жақ аппараты 3D сканерленеді және жақ қимылы жазып алынады, мұның өзі ортопедиялық протездерде дәл сомдау үшін пациенттің барлық анатомиялық және қимыл ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. SICAT функциясы – бұл үшөлшемдік томда астыңғы жақтың шынайы жеке қимылын көрсетуге арналған алғашқы кірістірілген цифрлық 3D-шешім. Шықшыт буынының анатомиялық іздері әрбір ықтимал жағдай үшін көлемді етіп көрініс табуы мүмкін.
Астыңғы жақтың бүкіл еркіндік дәрежелері мен қозғалыстарының жоғары дәлдікте жазылуына орай, SICAT JMT +технологиясымен енді біз үшөлшемдік томда жақтың анатомиялық дұрыс қимылын бере аламыз, көрсете аламыз және диагностикалай аламыз:
Функционалдық диагностиканың жаңа буыны! Астыңғы жақ артикуляциясы негіз құраушы динамикалық параметрлердің бірі болып келеді, әр пациент үшін ол жеке-жеке болып келеді. Бұл өте күрделі параметрлердің бірі болып келеді, өйткені ол келесі құрылымдардың қызмет атқару нәтижесі болып келеді: буын бастиектері, буын дискілері, тіс қатарлары, бұлшықет және жүйке жүйелері. Қосымша жабдықпен жұмыс істеудің қыр-сырларын білу және алгоритмдерді сақтау емдеуге қолданылатын ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Окклюзия дегеніміз – бұл үстіңгі және астыңғы жақтардың жуысуы. Күн сайын біздің тістеріміз кез келген өзгеріс жағдайында ұлғая түсетін орасан зор жүктемелерге төзуге мәжбүр.
Мысалы, жүктеме тістерді пломбалауда, жұлғанда немесе протездегенде өзгереді. Осының салдарынан жуысудың бұзылуы мүмкін.
Сапасыз окклюзия бүкіл тіс-жақ жүйесінің қызметін бүлдіре алады
Біздің Profident стоматологиялық клиникамыз окклюзия дәрежесін цифрлық диагностикалайтын, барлық аумақтарда бірден окклюзия дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін T-scan аппаратын пайдаланады.
☆ T-scan аппаратымен тістемді диагностикалау өте оңай әрі мүлдем ауыртпайды. Окклюзиялық күш жұмсауды анықтау үшін пациентке жеке пластинканы – ультражіңішке сенсорды тістеу қажет. Сонымен қатар компьютердің мониторында сенсор ұстайтын тістердің барлық микроқозғалыстары көрініс табады.
Алынған деректер екіөлшемдік және үшөлшемдік белсенді диаграмаларда көрініс табады, осы арқылы маман мінсіз окклюзияны одан әрі қалыптастыруға қажетті түйткілді нүктелерді жылдам әрі дәл танып қана қоймай, сондай-ақ пациентке патология себебін көрнекі түрде көрсете алады.
☆ Profident клиникасының мамандары T-scan протездеу және импланттауда, алмалы-салмалы және бекітілетін протездеуде, самай-жақ буыны ауруларында, ортодонттық және праодонттық емдеуде пайдаланылады. T-scan жүйесі импланттардың қабылданбау тәуекелін азайтуға, сондай-ақ тістердің жарақатталуы мен керамиканың зақымдалуын азайтуға мүмкіндік береді.
Функционалдық диагностика саласындағы ең жаңа технологияларға орай, тіс дәрігері мінсіз теңдестірілген окклюзияны қалыптастыра алады.
БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
Алматы қ., Жароков к-сі 366