Стоматология в Алматы | Лучшая стоматологическая клиника "Profident"
Алматы қ., Жароков к-сі 366 Дүйсенбі - жұма 09:00-19:00, сенбі 09:00-17:00 +7 727 355 0070

Терапевтік стоматология. Тіс емдеу. Профилактика.

Енді Сізде өз туғандарыңызға, достарыңызға немесе әріптестеріңізге пайдалы сыйлықты – біздің Profident клиникамыздан стоматологиялық қызметтерге арналған сыйлық сертификатын алу мүмкіндігіңіз бар. Profident.

Біз өзіміздің Клиенттерімізге үстіңгі және астыңғы жақ тістердің бетінен қатты және жұмсақ қақтарды алып тастауға арналған сыйлық сертификаттарынұсынуға дайынбыз. Осы емшара ауыз қуысы гигиенасын жақсы сақтаудың жылдам әрі тиімді тәсілі болып саналады. Емшарадан соң Сіз бір сәтте балғын демнің, әсем күлкі мен жақсы көңіл-күйдің иесі болып шыға келесіз!

Сыйлықтың осындай нұсқасын таңдай отырып, Сіз кепілді түрде бірмезгілде екі бірдей әсем күлкіге ие боласыз: Өзіңіздің жақын адамыңыздың әдемі күлкісі мен осы үшін Сізді қуануға мәжбүрлейтін өз күлкіңіз!

Сыйлық сертификаттарын сатып алу және рәсімдеу туралы қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы:
+7 (727) 355 0070
+7 (727) 355 0077
+7 (777) 705 5351
...
немесе Profident Алматы қ., Жароков көшесі 366 мекенжайында орналасқан біздің Profident стомотологиялық клиникамыздан ала аласыз.
...
Өз достарыңыз бен жақын адамдарыңызға қажетті сыйлықтар сыйлаңыз!
...
...
...
Сіз тіс емдеу – бұл жайсыз емшара деген адамдарға күле қарайтын боласыз! Біз Сізге мұны өз емдеуіміз арқылы дәлелдей аламыз. Емдеу әдістері, қазіргі заманғы жабдықтар, ауыртпайтын және тиімді анестезия түрлері жайлы дәл қазір әңгімелеп бере аламыз.

Өзіңізді қызықтыратын қызметті таңдап алып, тіс саулығын Сіз үшін ұзақ уақыт және барынша жайлы етіп сақтау үшін қандай әдістерді пайдаланатымыз туралы оқып шығыңыз!

Стоматологиядағы терапия - тісжегіні және оның барлық асқынуларын емдеуге арналған емшаралардың тұтас қатары. Стоматолог-терапевтің негізгі мақсаты – сау тіндерді барынша сақтап қалатындай етіп тіс емдеу және зақымдалған тіндерді сапалы қалпына келтіру.

Тіс емдеу тіс емдеу келесілерден құралады:

•  тісжегіні емдеу;

•  пульпитті емдеу;

•  периодонтитты емдеу;

•  тіс жылауығын емдеу;

•  өршу сатысында созылмалы периодонтитті емдеу;

•  ескі пломбаларды алып тастау және тістерді пломбалау;

•  тістерді, оның ішінде күрделі тістерді жұлу;

•  ауырсынуды басу.

Тіс саулығы неге байланысты?

Тұқым қуалаушылыққа, дұрыс тамақтану мен гигиенаға байланысты. Табиғатынан сау тістердің өзін ұқыпсыз пайдаланудан бұзып алуға болады. Ауыз қуысына мұқият күтім жасау тісжегінің басты себебі болып келетін бактериялардан құтылуға көмектеседі, демек, тіс ауруын емдеу қажеттілігі болмайды.

Қандау аурулар бар?

Ең кең таралған ауру – бұл тісжегі. Егер оны емдемей, ауруды дәрі-дәрмектермен басып отырса, көп ұзамай жүйкелер өле бастайды, ал тісжегілік қуыс шіру үдерісін өршіте түседі. Аурумен өз бетінше күресуге тырыса отырып, организм түбірдің айналасында гранулема түзеді, ол біртіндеп ұлғая түседі де, жылауыққа айналады. Басқа маңызды асқынулар – пульпит және периодонтит. Олар дамыған кезде тіс түбірін емдеу қажет болады.

Сондай-ақ тісжегілік емес тіс зақымдары (сына тәрізді ақау, эрозия, флюороз және т.б.) кездеседі, соның нәтижесінде қызылиек үстіндегі тіс бөліктерінің түсі мен пішіні өзгереді – осындай аурулар жағдайында ауыз қуысына ғана емес, сондай-ақ жалпы организмнің саулығына назар аудару керек. Әдетте, мұндай жағдайларда тістерді қалпына келтіруден ғана емес, сонымен қатар қосымша іс-шаралардан тұратын тістерге кешенді емдеу жүргізіледі.

Алдыңғы тістерді емдеу ерекшелігі неде?

Profident клиникасының дәрігер-терапевтері Profident

Стоматологияда күрек тістерді емдеу басқа топтағы тістерді емдеумен салыстырғанда, едәуір күрделі үдеріс болып келеді. Бұл реставрациялауға және пломба қоюға қойылатын жоғары талаптармен, сондай-ақ күрек тістерде қатар жүктемесін ұстап тұруы тиіс эмальдің жұқа қабаты жеткілікті. Осыған орай фронтальдық тістердің бұзылуы қарқынды жүреді. Сонымен қатар күрек тістер дентиннің кішігірім қабатымен де ерекшеленеді.

Сондықтан алдыңғы тістерді емдеу ұлпалы камераның тұтастығын бұзып алмау және мінсіз тамаша жымиысқа қол жеткізу үшін, зергерлік дәлдікте өткізілуі тиіс.

Бұл ауыртпайды ма?

Жоқ. Қазіргі таңда терапевтік стоматологияда барлық емшаралар анестетиктерді қолдана отырып өткізіледі, сондықтан емдеу ауыртпай жүргізіледі. Қазіргі заманғы жергілікті анестетиктер төмен уыттылығымен және лезде әсер етуімен ерекшеленеді.

Тістерді толық ауыртпай емдеу аппликациялық анестезияның қолданылуын да қамтамасыз етеді: қызылиектің бетіне ерекше гель жағылады, ол шырышты қабықтың сезімталдығын азайтады. Содан кейін ауыртпайтын шаншау жасалады, бірақ инъекция енді мүлдем жайсыздық әкелмейді.

Тісжегіні қалай емделеді?

 

Profident клиникасының дәрігер-терапевтері Profident

Тісжегіні емдеу зақымдалған тіндерді алып тастауға және оны пломбалаушы материалдардың көмегімен қалпына келтіруге негізделген. Егер дақ түсу сатысында тісжегі табылса, оны емдеу үшін қайта минералдау емшарасы жеткілікті: тіс эмалін минералды заттармен байыту зақымдануды жоюға және оның тығыздығын қалпына келтіруге көмектеседі. Сондықтан үдеріс тереңдемей тұрғанда, тісті уақтылы емдеп алған жөн.

Пульпит, периодонтит қалай емделеді?

Пульпитті емдеу тісжегі қуысын тазалаудан басталады. Содан кейін тісжегіні емдеу өткізіледі: одан ұлпа алып тасталады, түбір арналар антибактериялық өңдеуге ұшырайды және пломбаланады.

Аяқтаушы кезең — уақытша тіс пломбасын қою. Егер тіс түбірлерін емдеу табысты өтсе, пациентті ешнәрсе мазаламаса, дәрігер уақытша пломбаны тұрақты пломбаға ауыстырады.

Емдеу кезінде қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?

Пациенттерді барған сайын дәрігердің біліктілігі, сондай-ақ тісті емдеу бағасы қанша екендігі ғана емес, сондай-ақ организм үшін осы үдерістің зиянсыздығы да көп қызықтырады, өйткені егер тіс дәрігерінің аспабы дұрыс өңделмеген болса, клиникаға бару көптеген қосымша мәселелерге әкелуі мүмкін.

☆ Profident терапевтік стоматологиясында тістерді қауіпсіз емдеу медициналық жабдық пен аспаптарды зарарсыздандыру және стерильдеудің әрбір кезеңін қатаң сақтаумен, бірреттік медициналық құрылғылар мен материалдарды қолданумен, анестезия үшін бірреттік инелері және бірреттік ампулалары (карпулалары) бар карпулалық шприцтерді пайдаланумен қамтамасыз етіледі.

Емдеу кезіндегі сапа критерийлері қандай?

Тіс емдеу сапасының басты критерийлері — бұл қалпына келтірілген тістің тамаша сыртқы көрінісі және емдеудің мықты нәтижесі, мұның өзі аурудың қайталануы мен болмауынан көрінеді. Сонымен қатар емдеу үдерісінің өзі пациент үшін ауырусыз, қауіпсіз және барынша жайлы болуы тиіс.

Алдыңғы тістерді емдеу ерекше талаптарға сәйкес келуі тиіс. Тістер мінсіз реставрациялануы және тіс қатарында өзгешеленбеуі тиіс.

Алматыда тіс емдеу

Profident клиникасы тістерді кәсіби және жоғары білікті дәрежеде емдеуді жүзеге асырады. Терапевтік стоматологияның барлық бағыттары бойынша қызметтер толық көлемде ұсынылады. Әр медициналық қол әрекеттері анестезиямен орындалады, мұның өзі жағымсыз сезімдердің мүлдем болмауына кепілдік береді. Бұл ретте біз пациенттер үшін жайлы, ыңғайлы жағдай жасауға тырысамыз. Клиникада келесілер жүзеге асырылады:

  • Тістерді кешенд емдеу. Қызмет көрсету шеңберінде толыққанды тексеру, гигиеналық емшаралар, тісжегі ошақтарын тазалау, инвазивті немесе инвазивсіз емдеу ұсынылады, сондай-ақ қызылиек саулығына ерекше мән беріледі.
  • Тісті шұғыл емдеу. Ең ыңғайсыз кезеңде бірден қатты ауыру пайда болады. Осындай жағдайға тап болғанда, Сіз кәсіби көмек сұрап, бірден Profident клиникасының тәжірибелі мамандарына жүгіне аласыз. Сізге жедел түрде диагностика жасалады, соның нәтижесі бойынша дәрігер оңтайлы емдеу тактикасын таңдап алады.
  • Күрделі тістерді емдеу. Бұған терең тісжегіні емес, түбір арналарының бейстандартты анатомиясындағы эндодонттық қол әрекеттері (қатты қисаю, қиын ткізгіштік), түбір арнасынан бөгде затты алып тастау және көптеген басқа жағдайлар.

Тіс емдеу қанша тұрады?

Алматыда тіс емдеу бағасына қарай ерекшеленеді. Әдетте, емдеу бағасы клиниканың жабдығына, клиниканың пайдаланатын материалдарына, мамандардың біілктілігіне және басқа факторларға байланысты. Егер көпсалалы Profidentстоматологиялық клиникасы туралы айтар болса, бізде емдеу бағасына келесілер әсер етеді:
  • терапия түрі;
  • аурудың түрі мен сатысы;
  • орындалуы қажет етілетін жұмыс көлемі;
  • клиникалық жағдайдың қиындығы;
  • пломбалау үшін немесе тісті қалпына келтіруге қажетті қосымша тетіктерді (қыстырма, штифт, жасанды тіссауыт) пайдалануға арналған баға.

Ауру уақтылы анықталған жағдайда, оны емдеу қымбатқа түспеуі мүмкін. Қабыну және басқа асқынулар өте үлкен шығындарды қажет етеді. Сондықтан «тіс емдеу қанша тұрады» деген сұраққа дәрігер егжей-тегжей диагностикалаған соң ғана жауап бере алады.

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

Алматы қ., Жароков к-сі 366

БІЗДІҢ ТЕЛЕФОНДАРЫМЫЗ:

+7 (727) 355 00 77 

+7 (777) 705 53 51

Біздің қызметтер

Тісжегіні, пульпитті, периодонтитті емдеу

Тісжегілік емес зақымдарды емдеу

Бұзылған тістерді қалпына келтіру

Тіс гранулеамасын және жылауықты емдеу

Пародонт ауруларын емдеу

Ауыз қуысының кәсіби гигиенасы

Жылжымалы тістерді жақтаулау

Профилактикалық фторлау

Біз Сіздерді "Profident" клиникасында көруге қуаныштымыз !

Біздің мамандарымыз

Түбір бойындағы тісжегі. Түбір бойындағы тісжегіні емдеу

Клиенттердің пікірлері

Көпшілік адамдар өзінің батылдығымен және стоматологиялық клиникаға уақтылы көрінуімен мақтана алмайды, тістері түйкілді мәселеге ұшырағанда ғана барады... Ұят та болса, мойындауыма тура келеді, жуық араға дейін мен де «АУЫРҒАН КЕЗДЕ БАРАМЫЗ» дейтін адамдардың қатарында болып келдім... Profident клиникасына және Сіздердің өте шебер дәрігерлеріңізге, өз ісінің нағыз кәсіпқойларына рақмет! Ауыртпайды! Сапалы және сенімді емдейді! Енді мен тіс дәрігеріне көрінуден мүлдем қоырпайтын болдым! Сылкина Елена Михайловнаға және Пионтковская Ольга Владимировнаға ерекше алғыс айтқым келеді.
Әсел Мамырахунова
Дизайнер
Екінші рет кәсіби ағарту жасаттым, алғаш рет осыдан 15 жыл бұрын жасатқан едім, сол кезде қуананым әлі есімде! Бәрі осындай аппақ тістерді қалай жасаттың деп сұрайтын ))) Ағарту сеансы 10 минуттан 3 сессия жүреді. Дайындықты қоса алғанда, барлық емшара 2 сағат алды. Лазерден соң тістер эмальді қалпына келтіруге арналған арнайы құраммен өңделеді. Менің тістерім өте аппақ болып шыға келді! Енді, міне, өзімнің Голливудтық жымиысыммен мақтана аламын! Бұл өте тамаша нәтиже! Тәулігіне 24 сағат жымиғым келеді!
Анна Ивашова
Коммерциялық директор
Летом поставил себе два имплантата в стоматологии "Профидент". Конечно, это не дешево. Но они служат тридцать лет и более, поэтому, я думаю, затраты вполне оправданы. Сам имплантат импортный, клиника работает по немецким технологиям. Мне дали гарантийный сертификат от производителя имплантатов. Было абсолютно не больно, ни во время, ни после установки. Сама установка заняла минут двадцать, со всеми остальными процедурами – три дня. Это гораздо быстрее, чем по традиционным технологиям. Хочу выразить огромную благодарность моему доктору, профессионалу своего дела - Пионтковскому Валерию Станиславовичу! Желаю Вам успехов и процветания!
Әмір Исмағұлов
IT-инженері
Қайырлы күн! Стоматолог-хирург Ящишин Сергей Владимировичке, сондай-ақ "Profident" клиникасының бүкіл қызметкерлер құрамына алғыс айтқым келеді! Үнемі тіс дәрігерлерінен қорқатын едім, біақ Сіз менің пікірімді мүлдем өзгертіп жібердіңіз! Екі тісімді емдеттім және асқынған екі тісімді (8-дік) жұлдырттым, мүлдем ауырмады! Сізге артқарған жұмысыңыз үшін үлкен рақмет.
Владислав Петровский
Менеджер
Қымбатты Профидент клиникасы! Жағдайды пайдалана отырып, Ольга Владимировна Пионтковская ханымға алғыс білдіргім келеді. Ольга Владимировна – өз жұмысы мен балаларды жасы көретін жоғары білікті тамаша тіс дәрігері. Балаға дұрыс жол таба біледі. Тыныштандырады. Өз жұмысын шебер әрі жақсы атқарады. Оған өз балаңызды қорықпай апарасыз. Сізге шын жүректен бар жақсылықты тілеймін, баршаңызға осы дәрігерді ұсынамын.
Жұлдыз Әбдірахманова
Ана

Біздің лицензиялар мен сертификаттар

Слайд 1 - копировать
Слайд 1
Слайд 1
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
Слайд 1 - копировать
previous arrow
next arrow

Қабылдауға жазылу

    Соңғы жаңалықтар

    Требуется администратор в клинику

    Требуется администратор в клинику

    В стоматологическую клинику премиум-класса Profident требуется администратор такого же уровня. Ждём откликов...

    Толығырақ
    Зуб мудрости

    Ақыл тіс

    Әр қатарда есеп бойынша сегізінші ақыл тістер ең соңында, көбіне 17 жастан бастап 22 жасқа дейін, кейде одан да кеш мерзімде пайда болады.

    Толығырақ
    Profident - лучшая стоматологическая клиника в Казахстане!

    Profident - Қазақстандағы үздік стоматологиялық клиника!

    Олар Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал, ал олардың кәсіби наградаларына сан жетпейді.

    Толығырақ
    kkKazakh