Енді Сізде өз туғандарыңызға, достарыңызға немесе әріптестеріңізге пайдалы сыйлықты – біздің Profident клиникамыздан стоматологиялық қызметтерге арналған сыйлық сертификатын алу мүмкіндігіңіз бар. Profident.
Біз өзіміздің Клиенттерімізге үстіңгі және астыңғы жақ тістердің бетінен қатты және жұмсақ қақтарды алып тастауға арналған сыйлық сертификаттарынұсынуға дайынбыз. Осы емшара ауыз қуысы гигиенасын жақсы сақтаудың жылдам әрі тиімді тәсілі болып саналады. Емшарадан соң Сіз бір сәтте балғын демнің, әсем күлкі мен жақсы көңіл-күйдің иесі болып шыға келесіз!
Сыйлықтың осындай нұсқасын таңдай отырып, Сіз кепілді түрде бірмезгілде екі бірдей әсем күлкіге ие боласыз: Өзіңіздің жақын адамыңыздың әдемі күлкісі мен осы үшін Сізді қуануға мәжбүрлейтін өз күлкіңіз!
Өзіңізді қызықтыратын қызметті таңдап алып, тіс саулығын Сіз үшін ұзақ уақыт және барынша жайлы етіп сақтау үшін қандай әдістерді пайдаланатымыз туралы оқып шығыңыз!
Стоматологиядағы терапия - тісжегіні және оның барлық асқынуларын емдеуге арналған емшаралардың тұтас қатары. Стоматолог-терапевтің негізгі мақсаты – сау тіндерді барынша сақтап қалатындай етіп тіс емдеу және зақымдалған тіндерді сапалы қалпына келтіру.
Тіс емдеу тіс емдеу келесілерден құралады:
• тісжегіні емдеу;
• пульпитті емдеу;
• периодонтитты емдеу;
• тіс жылауығын емдеу;
• өршу сатысында созылмалы периодонтитті емдеу;
• ескі пломбаларды алып тастау және тістерді пломбалау;
• тістерді, оның ішінде күрделі тістерді жұлу;
• ауырсынуды басу.
Тұқым қуалаушылыққа, дұрыс тамақтану мен гигиенаға байланысты. Табиғатынан сау тістердің өзін ұқыпсыз пайдаланудан бұзып алуға болады. Ауыз қуысына мұқият күтім жасау тісжегінің басты себебі болып келетін бактериялардан құтылуға көмектеседі, демек, тіс ауруын емдеу қажеттілігі болмайды.
Ең кең таралған ауру – бұл тісжегі. Егер оны емдемей, ауруды дәрі-дәрмектермен басып отырса, көп ұзамай жүйкелер өле бастайды, ал тісжегілік қуыс шіру үдерісін өршіте түседі. Аурумен өз бетінше күресуге тырыса отырып, организм түбірдің айналасында гранулема түзеді, ол біртіндеп ұлғая түседі де, жылауыққа айналады. Басқа маңызды асқынулар – пульпит және периодонтит. Олар дамыған кезде тіс түбірін емдеу қажет болады.
Сондай-ақ тісжегілік емес тіс зақымдары (сына тәрізді ақау, эрозия, флюороз және т.б.) кездеседі, соның нәтижесінде қызылиек үстіндегі тіс бөліктерінің түсі мен пішіні өзгереді – осындай аурулар жағдайында ауыз қуысына ғана емес, сондай-ақ жалпы организмнің саулығына назар аудару керек. Әдетте, мұндай жағдайларда тістерді қалпына келтіруден ғана емес, сонымен қатар қосымша іс-шаралардан тұратын тістерге кешенді емдеу жүргізіледі.
Стоматологияда күрек тістерді емдеу басқа топтағы тістерді емдеумен салыстырғанда, едәуір күрделі үдеріс болып келеді. Бұл реставрациялауға және пломба қоюға қойылатын жоғары талаптармен, сондай-ақ күрек тістерде қатар жүктемесін ұстап тұруы тиіс эмальдің жұқа қабаты жеткілікті. Осыған орай фронтальдық тістердің бұзылуы қарқынды жүреді. Сонымен қатар күрек тістер дентиннің кішігірім қабатымен де ерекшеленеді.
Сондықтан алдыңғы тістерді емдеу ұлпалы камераның тұтастығын бұзып алмау және мінсіз тамаша жымиысқа қол жеткізу үшін, зергерлік дәлдікте өткізілуі тиіс.
Жоқ. Қазіргі таңда терапевтік стоматологияда барлық емшаралар анестетиктерді қолдана отырып өткізіледі, сондықтан емдеу ауыртпай жүргізіледі. Қазіргі заманғы жергілікті анестетиктер төмен уыттылығымен және лезде әсер етуімен ерекшеленеді.
Тістерді толық ауыртпай емдеу аппликациялық анестезияның қолданылуын да қамтамасыз етеді: қызылиектің бетіне ерекше гель жағылады, ол шырышты қабықтың сезімталдығын азайтады. Содан кейін ауыртпайтын шаншау жасалады, бірақ инъекция енді мүлдем жайсыздық әкелмейді.
Тісжегіні емдеу зақымдалған тіндерді алып тастауға және оны пломбалаушы материалдардың көмегімен қалпына келтіруге негізделген. Егер дақ түсу сатысында тісжегі табылса, оны емдеу үшін қайта минералдау емшарасы жеткілікті: тіс эмалін минералды заттармен байыту зақымдануды жоюға және оның тығыздығын қалпына келтіруге көмектеседі. Сондықтан үдеріс тереңдемей тұрғанда, тісті уақтылы емдеп алған жөн.
Пульпитті емдеу тісжегі қуысын тазалаудан басталады. Содан кейін тісжегіні емдеу өткізіледі: одан ұлпа алып тасталады, түбір арналар антибактериялық өңдеуге ұшырайды және пломбаланады.
Аяқтаушы кезең — уақытша тіс пломбасын қою. Егер тіс түбірлерін емдеу табысты өтсе, пациентті ешнәрсе мазаламаса, дәрігер уақытша пломбаны тұрақты пломбаға ауыстырады.
Пациенттерді барған сайын дәрігердің біліктілігі, сондай-ақ тісті емдеу бағасы қанша екендігі ғана емес, сондай-ақ организм үшін осы үдерістің зиянсыздығы да көп қызықтырады, өйткені егер тіс дәрігерінің аспабы дұрыс өңделмеген болса, клиникаға бару көптеген қосымша мәселелерге әкелуі мүмкін.
☆ Profident терапевтік стоматологиясында тістерді қауіпсіз емдеу медициналық жабдық пен аспаптарды зарарсыздандыру және стерильдеудің әрбір кезеңін қатаң сақтаумен, бірреттік медициналық құрылғылар мен материалдарды қолданумен, анестезия үшін бірреттік инелері және бірреттік ампулалары (карпулалары) бар карпулалық шприцтерді пайдаланумен қамтамасыз етіледі.
Тіс емдеу сапасының басты критерийлері — бұл қалпына келтірілген тістің тамаша сыртқы көрінісі және емдеудің мықты нәтижесі, мұның өзі аурудың қайталануы мен болмауынан көрінеді. Сонымен қатар емдеу үдерісінің өзі пациент үшін ауырусыз, қауіпсіз және барынша жайлы болуы тиіс.
Алдыңғы тістерді емдеу ерекше талаптарға сәйкес келуі тиіс. Тістер мінсіз реставрациялануы және тіс қатарында өзгешеленбеуі тиіс.
☆ Profident клиникасы тістерді кәсіби және жоғары білікті дәрежеде емдеуді жүзеге асырады. Терапевтік стоматологияның барлық бағыттары бойынша қызметтер толық көлемде ұсынылады. Әр медициналық қол әрекеттері анестезиямен орындалады, мұның өзі жағымсыз сезімдердің мүлдем болмауына кепілдік береді. Бұл ретте біз пациенттер үшін жайлы, ыңғайлы жағдай жасауға тырысамыз. Клиникада келесілер жүзеге асырылады:
Ауру уақтылы анықталған жағдайда, оны емдеу қымбатқа түспеуі мүмкін. Қабыну және басқа асқынулар өте үлкен шығындарды қажет етеді. Сондықтан «тіс емдеу қанша тұрады» деген сұраққа дәрігер егжей-тегжей диагностикалаған соң ғана жауап бере алады.
БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
Алматы қ., Жароков к-сі 366
В стоматологическую клинику премиум-класса Profident требуется администратор такого же уровня. Ждём откликов...
ТолығырақОлар Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал, ал олардың кәсіби наградаларына сан жетпейді.
Толығырақ