Әр қатарда есеп бойынша сегізінші ақыл тістер, ең соңында, көбіне 17 жастан бастап 22 жасқа дейін, кейде одан да кеш мерзімде пайда болады.

Ақыл тістердің ерекшелігі олардың басқа тістерге қарағанда жарып шығуы қиынға соғуынан көрінеді — өйткені барлық қалған тістер баяғыда орналасып қойған және ақыл тіске жылжып орнын бергісі келмейді. Осындай қосымша қиындықтарға орай, ақыл тістердің жарып шығуы жергілікті қабынумен және ауырумен қатар жүреді. Бұл жағдайда ауыртпайтын препараттарды пайдалану, ауыз қуысын бор қышқылының жылы ерітіндісімен (бір стакан суға жарты шай қасық) немесе қызғылт марганец ерітіндісімен шаю керек.

Егер ақыл тістің пайда болуы өте ұзақ жүреді, шығатын тістің үстіндегі қызылиектің тұрақты жарақат алуынан, қабыну күшеюі немесе кеңеюі мүмкін, бүкіл дененің ыстығы көтерілуі және қатты ауыруы, соның салдарынан ауыздың ашылмай қалуы мүмкін. Мұндай жағдай сүйекке дейінгі қоршаған тіндердің қабынуымен қауіпті, мұның өзі тіс дәрігерінің шұғыл араласуын қажет етеді.

Ақыл тістердің орасан көп мөлшері жұлынады. Істің мәнісі мынада, эволюция барысында адамның жағы тағамның жұмсаруынан кішірейе түседі, ал тістер өзінің бұрынғы өлшемі мен санын сақтап қалады. Ең соңында жарып шыққан ақыл тістер қисық әрі қиғаш өсуге мәжбүр, ауызда жиі кедергі жасайды және қызылиекті тітіркендіреді. Осы тістердің дұрыс орналаспауы, алыста орналасуы осы тістерді тазалау қиындығына әкеледі — оған щеткамен қол жеткізу қиын. Ақыл тістерге, оған жақын орналасқан баста тістерге қақ тез түсіп, тісжегі дамиды.

Тісжегілік қуысты, әрине, пломбалауға болады, бірақ ақыл тіске жету және оған тиісті дәрежеде пломба қою дәрігерге де қиынға соғады. Сондықтан егер басқа тістер қалыпты дамыған болса, ақыл тісті, әсіресе астыңғы жақтағы ақыл тісті жұлып тастайды. Бұл тістердің тығыз орналасуы сияқты салдарларды болдырмауға көмектеседі, тістердің тығыздығынан тістем өзгереді, ақыл тістің айналасындағы ғана емес, басқа тістердің айналасындағы қызылиек ауруы дами түседі. Тазалауға қиын болған ақыл тісті уақтылы жұлып тастамауға орай қалған сау тістерден айрылудың қажеті жоқ. Егер ақыл тіс ішінара жарып шықса, яғни оның бір бөлігі қызылиектің астында қалып қойса, мәселе туындайды. Бұл жағдайда тіс пен қызылиек арасында тамақ қалдықтары мен бактериялар жиналады, мұның өзі тез қабынуға әкеліп, айналаға оңай таралуы мүмкін. Қызыл иек ісінеді, қатты ауыру пайда болады, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Бұл жағдайда тіс дәрігеріне көрініп, емдеуді қажет етеді — ауыз қуысын шаю, физиотерапия қабылдау, кейде қызылиекті тілу керек болады, тіс дұрыс жарып шықпаған қиын жағдайда, оны жұлып тастайды. Көп салалы «Profident» стоматологиялық клиникасында жоғары дәрежелі стоматолог-хирургтар ауыртпайтын ретенцияланған 8-дікті (ақыл тісті) күрделі жұлуды жүзеге асырады.

Егер ақыл тіс мүлдем шықпаған болса, оның жоқ болуының өзі невралгиялық жақ ауруларына немесе көрші тіс түбірлерінің зақымдануына себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дұрыс орналаспаған ақыл тісті жұлып тастау ғана жағдайды түзете алады.

Егер жоғарыда аталған себептердің әлдебірі бойынша тісті жұлу керек болса, онда уақыт созбай мұны дер кезінде — ақыл тістің түбірлері әлі қалыптасып үлгермеген, ал тісті қоршап тұратын сүйек онша тығыз емес кезінде жасаған жөн — мұның бәрі жұлуды жеңілдете түседі. Ақыл тіс жұлынған соң да асқынуымен жайсыздықтар әкеледі.

Ақыл тісті жұлу кезінде өте жиі кездесетін асқынулардың бірі «құрғақ ұяшық». Ол жұлынған тіс орнында қан ұйығы пайда болмаса немесе пайда болған соң, жұлынып түссе ғана туындайды. Осындай ұйықтың пайда болуы — жазылу барысының маңызды бөлігі, осындай асқыну бұл үдерісті маңызды шамада баяулатып, ақыл тісті жұлған соң, екі-үш күн ауыру түрінде көрініс табады. Кейде бұл жағдайда ауыздан жағымсыз иіс шығады. Егер осындай жағдай орын алса, өзіңіздің тіс дәрігеріңізге жүгініңіз — дәрігер жұлынған тістің орнына ауыруды басатын дәрілік зат сіңдірілген таңғыш қойып береді. Бұл таңғышты симптомдар жойылғанша әр 24 сағат сайын ауыстырып отыру керек. Кейбір жағдайда ақыл тісі жақ жүйкелеріне жақын орналасқан болса, жұлу барысында жүйкеге тиіп кетіп, соның салдрынан ерін, тіл немесе иек ұйып қалуы мүмкін. Қуанышқа орай, бұл бірнеше күнге, сирек жағдайда апта мен айларға созылатын уақытша асқыну ғана.

Егер сіздің ақыл тісіңіз ешбір мәселе тудырмаса, сіз оны ешбір себепсіз жұлдырғыңыз келмесе, онда сізге ең алыста орналасқан тістерге күтім жасауға және мерзім сайын тексеруден өткізіп тұруға кеңес береміз.

Ақпарат дереккөзі: womandent.ru/forall/wisdom_tooth/