Олар Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал, ал олардың кәсіби наградаларына сан жетпейді.
Стоматологиялық клиниканың тең иелерінің әрі сонымен қатар жоғары білікті тіс дәрігерлері Валерий Станиславович пен Валерий Акымовичтің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз, өйткені дәл осы адамдар орасан зор практикалық тәжірибеге ие болып, беделді әріптестерін мойындата отырып, Қазақстанның стоматологиялық индустриясын басқарып келеді және жоғары стандарттар белгілейді. Өз ісіне қатты берілгендіктен, олар өзінің жабдықталу дәрежесі мен қызметкерлердің талантты штаты жағынан шетелдегі осындай мекемелерден кем түспейтін халықаралық деңгейдегі клиниканы құрды. Қазіргі таңда Profident ең ықпалды және беделді сарапшылар тарапынан, сондай-ақ ең жоғары дәрежелі шенеуніктерден, атақты тұлғалардан және вип-тұлғалардан құралған көптеген клиенттердің пікірінше, Қазақстандағы жетекші стоматологиялық клиника болып танылды.

Profident клиникасының ашылуы Қазақстанның стоматологиялық инустриясында цифрлық дәуірдің басталғанынан хабар береді, мұның өзі біздің елімізде компьютерлік диагностикалау мен емдеуді жоспарлаудың алтын ғасырына жол ашты. Осы салада көш бастауды сонау 1997 жылы клиниканың тең құрылтайшылары қазақстандық тіс дәрігерлерінің арасында алғашқылардың бірі болып Германияда цифрлық стоматология курсынан өту туралы сертификатқа ие болу факті де дәлелдейді. 2000 жылы компания серіктестерінің біріккен күшімен Profident клиникасында алғаш рет аты аңызға айналған Cerec AC жүйесі — компьютермен басқарылатын және жасанды тістер өндіруде пайдаланылатын «ақылды» фрезерлік станок іске қосылды. Қазіргі сәтте осы технологияның жетілдірілген нұсқасы небары 2 сағатта жоғары сапалы материалдардан тіссауыттарды, винирлерді, қыстырмаларды және протездің басқа түрлерін дайындауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, бір рет келуі арқылы-ақ эстетикалық көзқарас тұрғысынан ақаулы тісті қалпына келтіруге және оның тіршілік қабілетін сақтап қалуға болады. Бұл ретте ең жаңа таңғаларлық дәлдікте жұмыс істейтін және мүлдем қауіпсіз ең жаңа компьютерлік технологиялар адам факторымен байланысты қателікті толық жоққа шығарады. ☆ Profident клиникасы смарт-технологиялармен жұмыс істеудің жиырма жылдық тәжірибесіне және Cerec AC техника сияқты тұтас жабдықтарға ие бола отырып, цифрлық стоматологиялық жүйелер саласында лайықты ізашар болып Cerec AC келеді.

Profident клиникасының жоғары мәртебесі жабдықталу дәрежесі жағынан Орталық Азияда бірден-бір жалғыз сараптамалық сыныптағы жеке тіс-техникалық зертханасы болуымен анықталады. Қуатты өндірістік базасы протездеусапасын арттыра түседі, өйткені клиенттің барлық тілектері ескерілген кез келген түзету бірден осы жерде жүргізіледі. Сондай-ақ мұның өзі дәрігер мен техникке кез келген мәселені жедел шешіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізе отырып, тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Клиника қызметкерлерінің қызметіндегі едәуір артықшылық ISO, ECеуропалық стандарттарға сәйкес келетін шығыс материалдар тізбесінен де көрінеді, мұның өзі олардың мүлдем қауіпсіз екенін растайды. Жұмыс аспаптарын стерильдеу бұл үшін арнайы бөлінген блокта жүргізіледі, мұнда қазақстандық стандарттарға ғана емес, сондай-ақ әлемдік жоғары стандарттарға сәйкес келетін ең заманауи жабдықтар орнатылған, мұның өзі 100% зарарсыздандыруға мүмкіндік береді.

Алайда технологиялар шебер мамандардың қолында ғана дұрыс жұмыс істейтінін ұмытпаған жөн. ☆ Profident -тің бүкіл қызметкерлер құрамы клиникада орнатылған алдыңға қатарлы жабдықты пайдалану бойынша барлық қажетті рұқсаттар мен дағдыларға ие. Клиниканың барлық қызметкерлері — өз біліктілігін күн сайын арттырып келе жатқан, қазіргі заманғы медицина саласындағы барлық инновациялардан хабардар бола отырып, АҚШ пен Еуропада ондаған кәсіби бағдарламаларға қатысып жүрген тәжірибелі дәрігерлер. Клиниканың негізін қалаушылар, жоғары білікті тіс дәрігерлері Бостон эстетикалық медициналық институты, Дунай университеті (Кремс қ., Австрия), Global institute of Dental Education және көптеген басқа ең беделді және инновациялық институттарда өз дағдыларын тұрақты жетілдіріп келеді. Клиникада немістің және американың емдеу протоколдарына бағдарлану дәрігерлердің мінсіз құзыреттілігін дәлелдейді, соған орай қате диагноз қою жағдайлары болмайды, сондай-ақ кешенді емдеу жүргізу және толық оңалту жағдайы қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда Profident клиникасының ниеттес клиенттер желісі Қазақстан мен алыс шетелдің ғана емес, сондай-ақ Солтүстік Америка, Германия, Израиль, Швеция мен Финляндия тұрғындарынан құралатын кең географиясымен сипатталады.

Клиника мамандары бүкіл тіс-жақ аумағының әртүрлі күрделі патологиясын емдеу бойынша мол тәжірибеге ие, профилактикадан бастап күрделі сүйек-пластикалық операцияларғадейін емшаралардың толық ауқымын жүзеге асыра алады. ☆ Profident клиникасында адамды емдеу емшаралары алдындағы қорқыныштан құтқару үшін, терапевттен, ортопедтен, ортодонттан' бастап, хирургтың, функционалдық медицина маманы мен психологтың қызметімен аяқтай отырып, барлық қажетті пәнаралық мамандардың қатысуымен алғашқы тексеруден бастап, толық оңалтқанға дейін жеке әдіс және сүйемелдеу ұсынылады. Кешенді емдеу ұйқы кезінде тыныс алудың тоқтап қалу мәселесі — апноэ мен қорылдау мәселесінен біржолата арылтып, әдемі табиғи жымиысты қалпына келтіру сияқты стомотологиялық сипаттағы мәселені, сондай-ақ, мысалы, мүсінді түзету, жақсы ұйықтау мәселесін де шешеді. Көпшілік стоматология пластикалық хирургияны ауыстыра алады деген дерекке таңғалуы мүмкін, ал «Profident» клиникасының дәрігерлері дұрыс емес тістемнен бет пішіні өзгерген немесе мойынның жұмсақ тіндері салбырап қалған жағдайға ұшыраған адамдарды өз көзімен көріп, ең бастысы, оларға көмектесіп келеді. Осындай жағдайда, ең алдымен, пластикалық хирург емес, тіс дәрігері көмек көрсете алады, ол беттің астыңғы үштен бір бөлігінің биіктігін қалпына келтіре алады. Бұл стоматологияның эстетикалық мәселелерді шеше алатын бірлі-жарым жағдайы емес.

Өз клиенттерінің барлық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру үшін ☆ Profident ұзақ жылдардан бері әлемдік стоматологиялық қоғамдастық үздік деп тапқан Германияда өндірілген Sironaжаңа буын құрылғысын пайдаланады. Ең алдымен осы өндірушінің стоматологиялық құрылғыларын орнатылған шынтақ қойғышы, жазық басжастанғы және қосымша жұмсақ қаптамасы бар пациенттерге арналған орындықтың эргономиялық әрі ыңғайлы екенін атап өткен жөн. Барлық осы бөлшектер дененің жылжымайтын қалыпта тұруына орай, бұлшықеттердің ұйып қалуы немесе тырысып қалуын болдырмау үшін, ұзақ стоматологиялық емшаралар кезінде жайлы жағдайды сақтап қалуға ықпал етеді. Бұл ретте кресло дәрігердің пациентке оңтайлы қол жеткізе алатындай етіп әзірленген. Цифрлық рентген суреттері шығарылатын орнатулы бейнепанелдің көмегімен дәрігерлер пациенттерге адамның түйткілді аумақтарын көрнекі ретте көрсет алады, осының есебінен тез өзара түсіністікке қол жеткізе алады. Ал жайлы жарық төгетін жарықдиод шырақтар айқын шектелген жарықтандыру аумағында пациенттің көзін шағылыстырмайды.

«Profident» клиникасының холлында өзіңізді қабылдауды күтіп отырған кезде, Сіз жұмсақ диванға жайлы жайғасып, әлемдік үздік жылтыр басылымдарының мазмұнымен таныса аласыз. Егер сіз тіс дәрігеріне барар алдында қатты толқысаңыз, Сіз арнайы уқалаушы креслосы бар Braintronicsбосаңсытушы құрылғысын пайдалана аласыз. Осы бағдарлама адамның бүкіл денесіне толық босаңсуға, тыныштық жағдайына енуге, жоғары қысымды төмендетуге және тіс емшаралары басталар алдында өзін-өзі жақсы сезіну мен тамаша көңіл-күйді қамтамасыз етуге көмектеседі. Атап өтерлік жайт, жоғарыда сипатталған емшара 20 минут жағымды музыкамен сүйемелденеді, мұның өзі қажетті әсерге қол жеткізуге кепілдік береді. Өз күйгелектігін еңсеруге өнер көмектесетін адамдарға клиниканың бүкіл периметрі бойлап ілінген қазақстан суретшілерінің тамаша картиналарымен танысқан жөн. ☆ Profident клиникасы өзі құрылған сәттен бастап қаладағы ең үздік картина галареяларымен ынтымақтастық орнатып келеді, олар клиника қабырғасында талантты суртешілердің көрмелік жұмыс экспозициясын жаңартып отырады. Клиниканың негізін қалаушылардың басты идеясы – «Стоматологияға өнерді үйлестіру» ерекше тәсілде шындыққа ұласып келеді, мұның өзі өз кәсіби міндеттерін тамаша орындаудан ғана емес, сондай-ақ өз қызметтерін эстетикалық тұрғыдан әдемілеп көрсете білуден көрініс табады.

Мақала авторы: Әсел Әкімбекова

Ақпарат дереккөзі: lofficiel.kz/blog/287/