Стоматология в Алматы | Лучшая стоматологическая клиника "Profident"
Алматы қ., Жароков к-сі 366 Дүйсенбі - жұма 09:00-19:00, сенбі 09:00-17:00 +7 727 355 0070

Винирлер мен люминирлер

Винирлерді іріктеу рәсімі

Тістерді реставрациялаудың' қазіргі заманғы әдістеріне орай, тіс эмалі ақауларын винирлердің көмегімен түзетуге болады. 

Винир – бұл қалыңдығы 0,5-0,7 мм, тістің алдыңғы бетін жауып тұратын, сол арқылы тіс пішінін жетілдіріп, оның косметикалық түрін жақсартатын жіңішке қаптама пластинка. 

Винирлерді орнату мүлдем қауіпсіз және қарсы көрсетілімдері жоқ, сондықтан көпшілік тістерді жақсартудың осы жүйесін пайдаланады. Винирлер, негізінен, түрлі тіс ақауларында, атап айтсақ: тіс сарғайғанда, қарайғанда, тістің бір бөлігі жойылғанда және т.б. жағдайларда қойылады.

Винирлер фарфор немесе керамикалық болуы мүмкін, бұл материалдар тістерге табиғи түр беруге мүмкіндік береді, жеткілікті шамада берік және тозуға төзімді. Винирдің бетін алдын ала арнайы желіммен дайындап, оны тіске жабыстырады.

 

Винирлерді қолдануға себеп болатын жағдайлар

'Винирлерді орнатқанға "Дейін" және "Одан кейін"

1. Тіс эмалының туа пайда болған және жүре пайда болған ақауларын қалпына келтіру.

- флюороздық дақтар
- тетрациклиндік тістер
- жарақат немесе ескі әдістермен түбір арналарын емдеу нәтижесінде қарайған тістер.

2. Тісте пайда болған кетіктерді түзету.

3. Тістің дұрыс емес пішінін түзету.

4. Орнатылған немесе түсін жойған ескі пломбаларды қалпына келтіру.

5. Тіс арасындағы аралықтардың болуын (диастема, трема) түзету.

6. Тістердің патологиялық желінуінде (желінгіштік) алдыңғы тістерді қалпына келтіру.

Винирдің түрлері

Толық емес винир – бұл тістердің сыртқы түрін жақсарту үшін тістің көзге көрінетін бөлігіне орнатылатын фарфор пластинка.

Толық винир – бұл бұзылудан қорғау үшін тіске орнатылатын фарфор қалпақша. Мұндай винирлер толық емес винирлер сияқты тістің сыртқы түрін жақсартады.

Қалай орнатылады

  • Алғаш келген кезде Profident клиникасының дәрігер-ортопеді арнайы қолданылатын шкала бойынша Сіздің тістеріңіздің түсін анықтайды. Өте тамаша жасалған реставрацияның қаншалықты табиғи көрінуі түстің дұрыс таңдалуына байланысты.

 

  • Содан кейін болашақ винирдің пішініне сәйкес тістің алдыңғы беті белгілі бір қалыңдықта жонылады. Өңделген тістен қалып алынады, сол бойынша винир "Profident" клиникасының өз тіс-техникалық зертханасы -нда дайындалады Profident. Керамикалық винирді дайындау уақыты ішінде дәрігер тісті композициялық материалдан дайындалған уақытша винирмен жауып қояды.

 

  • Келесі келгенде пациентпен болашақ реставрацияның пішінін келісу үшін, балауыздан жасалған винирдің аналогы өлшеп көрілуі мүмкін. Бірнеше күннен кейін винир дайын болады. Осы кезеңде тіс дәрігері мен пациентке таңдалған түс пен пішіннің дұрыстығына көз жеткізу керек, өйткені винирді адгезивке (желім) түпкілікті бекіткен соң, түзету мүлдем мүмкін болмайды.

Винирлер әлдебір арнайы күтім жасауды, бетін тіс щеткасымен және флостармен тұрақты тазалауды қажет етпейді, ұзақ уақыт тістің жарқырап тұруын қамтамасыз етеді.

Profident стоматологиясында люминирлерді орнату

Люминирлер винирлерден ерекшелігі, оларды дайындау үшін тіс жонылмайды. Тіс бетіне керамикадан жасалған өте жіңішке пластинка адгезивті түрде жапсырылады. Люминирлер көбіне тістің түсін өзгерту үшін қолданылады, атақты «Голливудтық жымиыс» сомдалады.

Люминирлер тіс қатарын түзетуге, тіс эрозиясын, пигментті дақтарды және эмальдың басқа ақауларын жасыруға мүмкіндік береді. Жіңішкелігіне қарамай – 0,3 мм, люминирлер жоғары механикалық беріктігімен және химиялық төзімділігімен ерекшеленеді. Керамикалық қаптамалар беріктігі жжағынан тіс эмалінен кем түспейді, тозуға төзімді, қараймайды және боялмайды.

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Алматы қ., Жароков к-сі 366

БІЗДІҢ ТЕЛЕФОНДАРЫМЫЗ: 

+7 (727) 355 00 70 

+7 (727) 355 00 77 

+7 (777) 705 53 51

Тісті винирге препараттау

Біздің мамандарымыз

Біздің қызметтер

Емдеу және профилактикалау

Қызылиек пен тістердің қабыну ауруларын емдеу ☆ Тісжегіні диагностикалау, профилактикалау және емдеу ☆ Тістердің тісжегілік емес зақымдарын емдеу ☆ Эндодонттық емдеу ☆ Ауыз қуысының шырышты қабық ауруларын емдеу

толығырақ…
Ортодонтия. Тістемді түзету

Әртүрлі тіс-жақ ауытқуларын түзету ☆ Тістерді түзулеу үшін алмалы-салмалы және алынбайтын аппараттарды пайдалану ☆ Керамикалық және жақұт брекет-жүйелер, кеңістік бекіткіштері

толығырақ…
Эстетикалық стоматология

Тістемді түзету ☆ Тістерді қалпына келтіру ☆ Cerec технологиясымен тістерді реставрациялау ☆ Zoom ағарту ☆ Винирлер, люминирлер ☆ Тістерді ұзарту

толығырақ…
Хирургия. Имплантация

Кез келген қиындықтағы тістерді импланттау ☆ Тіс сақтайтын емшаралар ☆ Жойылған сүйекті қалпына келтіру ☆ Қабыну үдерістерін емдеу ☆ Тістерді ауыртпай жұлу ☆ Пародонт тіндеріне операция жасау ☆ Тіл мен ерін жүгеншігін кесіп алу ☆ Ауыз қуысын келесі протездеуге дайындау

толығырақ…
Ортопедия. Протездеу

Cerec жүйесімен кез келген қиындықтағы тістерді протездеу ☆ Алмалы-салмалы және алынбайтын протездеу ☆ Микропротездеу ☆ Шартты алмалы-салмалы протездеу ☆ Импланттармен протездеу ☆ Металсыз конструкциялар ☆ Бюгельдік протездеу ☆ Металлкерамика

толығырақ…
Пародонтология

Стоматитті, гингивитті, пародонтитті, пародонтозды емдеу ☆ Қызылиектен қан ағуды емдеу ☆ Тіс шөгінділерін алып тастау ☆ Тістерді жақтаулау ☆ Сүйек тісін қайта жаңғырту ☆ Қызылиек қалталарын кесіп алу ☆ Тіс тіссауытын ұзарту ☆ Ауыз қуысының гигиенасы туралы кеңес беру

толығырақ…
Хирургиялық пародонтология

Қызылиек қалталарын кесіп алу ☆ Жұмсақ тіндерден жасалған транспланттарды пайдалану ☆ Гингивэктомия ☆ Гингивопластика ☆ Қиынды операциялар ☆ Сүйек тінін қайта жаңғырту ☆ Пародонттық қалталарды қырып тазалау

толығырақ…
Функционалдық диагностика

Компьютерлік томография ☆ Окклюзия мен артикуляцияның клиникалық диагностикалау ☆ T-SCAN компьютерлік диагностикасы ☆ Панорамалық және рентген суреттері ☆ SICAT JMT+ көмегімен үшөлшемдік томда астыңғы жақтың шынайы жеке қимылын көзбен көріп шолу

толығырақ…

Біздің лицензиялар мен сертификаттар

previous arrow
next arrow
Slider

Қабылдауға жазылу

    Соңғы жаңалықтар

    Зуб мудрости

    Ақыл тіс

    Әр қатарда есеп бойынша сегізінші ақыл тістер ең соңында, көбіне 17 жастан бастап 22 жасқа дейін, кейде одан да кеш мерзімде пайда болады.

    Толығырақ
    Profident - лучшая стоматологическая клиника в Казахстане!

    Profident - Қазақстандағы үздік стоматологиялық клиника!

    Олар Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал, ал олардың кәсіби наградаларына сан жетпейді.

    Толығырақ
    Всё для голливудской улыбки: ТОП-5 инноваций в стоматологии

    Бәрі голливудтық жымиыс үшін: стоматологиядағы ТОП-5 инновация

    Қызметтің басқа салалары сияқты стоматология да бір орында тұрмайды, үнемі әлдебір жаңалық пайда болып отырады, мұның өзі тіс дәрігерлерінің жұмысын жетілдіре түседі.

    Толығырақ
    kkKazakh
    ru_RURussian kkKazakh