Өз клиенттерінің барлық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру үшін ☆ «Profident» клиникасы көп жылдан бері әлемдік стоматологиялық қоғамдастық үздік деп таныған, Германияда өндірілген Sirona жабдығын пайдаланып келеді. Ең алдымен осы өндірушінің стоматологиялық құрылғыларын орнатылған шынтақ қойғышы, жазық басжастанғы және қосымша жұмсақ қаптамасы бар пациенттерге арналған орындықтың эргономиялық әрі ыңғайлы екенін атап өткен жөн. Барлық осы бөлшектер дененің жылжымайтын қалыпта тұруына орай, бұлшықеттердің ұйып қалуы немесе тырысып қалуын болдырмау үшін, ұзақ стоматологиялық емшаралар кезінде жайлы жағдайды сақтап қалуға ықпал етеді. Бұл ретте кресло дәрігердің пациентке оңтайлы қол жеткізе алатындай етіп әзірленген. Цифрлық рентген суреттері шығарылатын орнатулы бейнепанелдің көмегімен дәрігерлер пациенттерге адамның түйткілді аумақтарын көрнекі ретте көрсет алады, осының есебінен тез өзара түсіністікке қол жеткізе алады. Ал жайлы жарық төгетін жарықдиод шырақтар айқын шектелген жарықтандыру аумағында пациенттің көзін шағылыстырмайды.